Қылышбай әулие бейіті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өткізілген шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері
бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Жақсы ауданындағы Қылышбай әулие бейіті жайлы деректермен таныстырып отырмыз.

Терісаққан ауылынан 18 шақырым жерде Терісаққан өзенінің оң жағалауында Қылышбай Нұқы баласы, руы Қырғыз бейіті бар. Оны кейде «Әулие бейіті» деп те атайды.
Қылыш ата өте аруақты, молда кісі болған, ауырған адамдар қой сойып басына түнеген. Ол науқас, жетім қалған балалар мен қарт адамдарға көп көмектескен екен. Адамдарды байлардың әділетсіз шешімдерінен қорғапты. Содан болар, адамдар оны Алланың жіберген періштесі деп атаған.
Сол кезде Терісаққан ауылында 30 молда болыпты, соның ішіндегі қадірлі және ардақтысы осы кісі болған екен. Тың игеру кезінде көшіп келген орыстар Қылышбай бейітіне жақын жерді жырта алмапты. Халық Қылышбай молданың жасаған мейірімділігі мен жақсы істерін есінде сақтады. Қазіргі уақытта бұл бейіт құрметпен еске алу орны болып саналады.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *