Көкшеліктерді қуантқан жәрмеңке

Отан қорғаушылар күні Көкшетау қаласындағы «Алтын ғасыр» сауда үйінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев сауда шатырларын аралап көріп, облыс тұрғындарымен емін-еркін әңгімелесті, өнімнің сапасы мен бағасына назар аударды.
Бұл жәрмеңкеде Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары тұтынушыларға 31,4 миллион теңгенің 60 тонна азық-түлік тағамдарын ұсынды. Мұнда қала тұрғындарына нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, жәрмеңкеге облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өнімнің отыздан астам түрін әкелген.
Тұтынушыларға 15 тонна ет және шұжық өнімдері, құс еті, 5 тонна балық, 160,5 мың дана жұмыртқа, 7,1 тонна сүт және сүт өнімдері, 20 тонна ұн, 3,8 тонна картоп пен көкөніс ұсынылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімімен бірге жемісті ағаш көшеттері сатылды. Жәрмеңкеге келген жұрт аталмыш аудандардағы үздік шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар