Ескерткіш тақта ашылды

Жеңіс күні қарсаңында Ақкөл аудандық соты ғимаратының алдында Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагері

Дулат Төлеутайұлы Төлеутаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Ардагердің есімін ел есінде сақтауға арналған шараға сот саласының қызметкерлері мен ардагерлер, қала тұрғындары қатысты.

Дулат Төлеутаев 1941 жылы соғыс басталған күні әскер қатарына шақырылып, қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң бірден майданға кіреді. Ол Оңтүстік-Батыс майданның құрамындағы Омбы-Сібір кавалериялық дивизиясында соғыс қимылдарына қатысты. Кейінірек ауыр жарақат алып, комиссияның шешімімен елге оралады.
Дулат Төлеутайұлы өз жұмысына адал, қай жерде істесе де өз міндетін жауапкершілікпен орындап, ұжымда үлкен беделге ие болды. Ол соғыста көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен және еңбектегі жетістіктері үшін Қазақ КСР Әділет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген заңгері» атағының иегері. Дулат Төлеутайұлы жөніндегі мәліметтер Ақмола облыстық сотының мұражайының Ұлы Отан соғысына қатысқан судьяларға арналған жауынгерлік даңқ залында да сақталған.

Дулат Төлеутаев 1941 жылы соғыс басталған күні әскер қатарына шақырылып, қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң бірден майданға кіреді. Ол Оңтүстік-Батыс майданның құрамындағы Омбы-Сібір кавалериялық дивизиясында соғыс қимылдарына қатысты. Кейінірек ауыр жарақат алып, комиссияның шешімімен елге оралады.
Ол елге келген соң бірден еңбек майданына араласып, отыз жылдан астам құқық қорғау және сот органдарында қызмет атқарды. 1943-1947 жылдары тергеуші, прокурор, Қазақ ССР Әділет министрлігінің Ақмола облысы бойынша басқарма басшысы болып жауапты қызметтерде болды. 1947 жылдан бастап Шортанды аудандық сотының судьясы, Ақмола облысының Еңбекшілдер және Ақкөл аудандық соттарының төрағасы қызметтерін атқарып, зейнет демалысына шыққанша еңбек етті. Соғыс ардагері 1986 жылы Ақкөл қаласында 72 жасында дүние салды.
Дулат Төлеутайұлы өз жұмысына адал, қай жерде істесе де өз міндетін жауапкершілікпен орындап, ұжымда үлкен беделге ие болды. Ол соғыста көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен және еңбектегі жетістіктері үшін Қазақ КСР Әділет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген заңгері» атағының иегері. Дулат Төлеутайұлы жөніндегі мәліметтер Ақмола облыстық соты мұражайының Ұлы Отан соғысына қатысқан судьяларға арналған жауынгерлік даңқ залында да сақталған.
Ардагер судьяға арналған мемориалдық тақта өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті әкімдік, ардагер-судьяның туысқандары және судьялар қауымдастығымен бірлесіп орнатылды. Мемориалдық тақтаның ашылуына арналған салтанатта Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Нұр-Сұлтан қаласының ардагер судьялар кеңесінің төрағасы Тілеулес Махметов және ардагердің ұлы Талғат Төлеутаев сөз сөйледі.
Ақмола облыстық сотының төрағасы мемориалдық тақтаны орнатуға көмек көрсеткен және ардагер-судья атын есте қалдыруға атсалысқандарға алғыс білдірді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар