Қыстан қысылмауға мүмкіндік мол

Бүгінгі таңда облыстың ауыл шаруашылықтарында 183,2 мың бас ірі қара мал, 73,1 мың жылқы, 108,9 мың бас қой бар. Бұл мәліметтерді келтіріп отырған себебіміз, биылғы қыста осынша мал басы қыстатылуда деген сөз

Қазіргі басты міндет – мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізу. Жер-жерден алынған хабарларға қарағанда, мал басын кемітпей, күйін төмендетпей қыстан алып шығу үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп жүргендер көптеп саналады.
Мал қыстатуға облыс бойынша 1122,7 мың тонна шөп дайындалды, бұл жылдық қажетті шөптің 101,7 пайызын құрайды. Сондай-ақ, қажетті 142,3 мың тонна пішендеме, 554,8 мың тонна сабан, 107,9 мың тонна сүрлем дайындалды. Биылғы жылы егін шығымы да ойдағыдай болғанын ескерсек, қыстан қысылмауға мүмкіндік мол деп айтуға болады.
Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *