Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің «Ақмола облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» ЕСЕБІ

«Қазақстан – 2050» Даму стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген        Қазақстанның үшінші жаңғыруының саяси бағыты. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешу және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер қойылады. Облыс экономикасының үдемелі дамуы, Елбасымыз қойған барлық міндеттерді табысты іске асыру үшін бізде жеткілікті негіз құрылғанын көрсетеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі бағыттарда оң нәтижелерге қол жеткізілді. Экономиканың бес базалық саласының өндіріс көлемінің өсуі есебінен қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105 пайызды құрады. 478 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 4700-ден астам отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы 9,4 пайызға өсіп, 120523 теңгені құрады. 12,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

ӨНЕРКӘСІП

Мықты және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту арқылы индустрияландыру өңір экономикасын әртараптандырудың негізі болып қалуда.
2018 жылы индустриялық секторда жоғары өсу қарқыны байқалды (НКИ – 106,9%). 2017 жылмен салыстырғанда тауар өнімінің көлемі 83,5 миллиард теңгеге өсіп, 645,6 миллиард теңгені құрады.
Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 80,6 пайызға дейін артты.
Өнеркәсіптің өсуі металлургия (14 пайызға), тамақ өнеркәсібі (5 пайызға), жеңіл өнеркәсіп (10,7 пайызға), химия (2,6 пайызға), машина жасау (9,8 пайызға) салаларындағы көлемдердің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Өндіріс өсімі «Степногорск ЕМК» АҚ (подшипниктер шығару 57,2 пайызға өсті), «Тыныс» АҚ (өсім 1,4 есе), «Асыл-Арман» ЖШС (қаптар мен биг-бэг шығару 14 пайызға өсті), «ENKI» ЖШС (кірпіш шығару 23,9 пайызға өсті), «ҚазШпал» АҚ (құрылыс мақсаттары үшін бетоннан бұйымдар шығару 1,3 есе өсті) кәсіпорындарында байқалды. Өткен жылы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС жаңа техника игерілді. Amity Technology (АҚШ) компаниясымен келісім аясында 13 егін егу кешені жиналып іске асырылды. «ENKI» ЖШС жаңа желісінде әр түсті кірпіш шығару басталды, соның нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 60 миллион данадан 72 миллион данаға дейін өсті. «Көкше-Цемент» ЖШС цемент зауыты өнімін өткізу нарықтары игерілуде, 2018 жылы 400 мың тоннадан астам цемент жөнелтілді, ол Астана қаласының құрылыстарында және ҚР өңірлерінде оң пікірлерге ие болды, болашақта Өзбекстан мен Ресей Федерациясының нарығына шығу жоспарлануда. «Тыныс» АҚ-да керамокомпозитті бронеплиттер — инновациялық өнім өндірісі игерілді.
Металлургия саласында дамудың жоғары әлеуеті сақталуда, онда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 30 тоннадан астам жартылай өңделген алтын өндірілді, ал ағымдағы жылы «Kazakhaltyn Technology» ЖШС фабрикаларының жобалық қуатына шығуы есебінен шамамен 32 тонна жоспарлануда.
Тау-кен өнеркәсібі секторларында «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкілдігінде темір рудасын (1,9 пайызға) өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен түсті металл кендерін өндіру көлемі (7,6 пайызға) артты.
2018 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары технологиялық жаңғыртуға белсенді инвестиция салды – 40 пайыз өсімімен шамамен 60 миллиард теңге игерілді.
Ірі кәсіпорындармен өндірісті цифрландыруға және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге 2 миллиард теңгеден астам қаражат салынды. Бұл «Қазақалтын» ТМК» АҚ-да тау-кен қазбаларын модельдеу, «Тыныс» АҚ-да конструкторлық-технологиялық құжаттаманы автоматтандыру, «Көкше-Цемент» ЖШС-да шикізатты автоматты іріктеу және ауыстыру модульдері және басқалары сияқты технологиялар. Аталған жұмыс 2019 жылы да цифрландыру бойынша бекітілген жоспарлар шеңберінде жалғасатын болады.
Нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша (2018 жылғы 9 айдың деректері) өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылғандар саны 3,2 пайыз өсімімен 29 мың адамды, орташа айлық жалақы 2017 жылға қарағанда 17,6 пайызға өсімімен 160,3 мың теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 2017 жылға қарағанда 35,1 пайыз өсімімен 44,6 миллиард теңге инвестиция салынды.
Өңдеуші сектор өсімінің оң серпініне инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етеді.
9 жыл ішінде Индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде 306,5 миллиард теңгеге 83 жоба іске асырылды, оның ішінде жоғары қосылған құнымен – 45, экспортқа бағдарланғаны – 27,9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
2018 жылы 52 милииард теңге жалпы құнымен 4 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Олардың қатарында, ірі тамақ өнеркәсібі жобасының 1-кезегі – 50 мың тонна жылдық қуаттылығымен бройлерлік құс фабрикасы (құны 45,6 миллиард теңге). Іске асырылған жобалар, өнеркәсіп өндірісі көлемінің тұрақты өсуі үшін сенімді негіз қалады. 2018 жылы іске қосылған объектілердің есебінен жалпы көлемнен 54,6 пайыз өнеркәсіп өнімі өндірілді (2017 ж. – 50 пайыз), өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 62,7 пайыз
(2017 ж. – 57 пайыз).
Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің үлесі 35,9 пайыз құрады немесе 57 миллиард теңге түсті.
2018 жылы индустриялық-инновациялық жобалардан басқа 3,6 миллиард теңгеге 16 инвестициялық жобалар іске қосылды.
Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 50 миллиард теңге сомасына (1200 жаңа жұмыс орны) 9 жобаны, бағдарламадан тыс 18,5 миллиард теңгеге 22 жобаны іске асыру жалғасуда.
2019 жылы машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы сияқты салалар өнеркәсіптік өсімнің драйверлері болады.
Көкшетау қаласында «John Deer» маркалы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша сервистік орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда («Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС).
«Вектор» ЖШС-да өндірістік қуаттылықты кеңейту және «Асгоѕ» комбайндарының жаңа моделін игеру есебінен астық жинау комбайндарын құрастыру көлемін 4 есеге (380 данаға дейін) ұлғайту жоспарлануда.
«Степногорск ЕМК» АҚ ресейлік темір жол тапсырыстарының өсіп келе жатқан көлемін ескере отырып, подшипниктер шығаруды 15 пайызға ұлғайтуды жоспарлауда.
Сондай-ақ, 2019 жылы Бурабай ауданында «RG Gold» ЖШС базасында қуаты 5 миллион тоннаға дейін кен, жылына 6 тоннаға дейін алтын шығаратын жаңа алтын шығару фабрикасының құрылысы басталады. Бұл республикада асыл металдың осы түрін өндіру бо-йынша көшбасшылық позицияны нығайтуға мүмкіндік береді (бүгінгі таңда облыс ҚР жалпы көлемінен 31 пайыз өндіреді).
Құрылыс индустриясында тұрғын үй құрылысын жандандыруды ескере отырып, «Көкше-Цемент» ЖШС, «Регион-Строй» ЖШС кәсіпорындары, «ENKI» ЖШС және «Astana Ceramic» ЖШС кірпіш зауыттары сияқты кәсіпорындардың өнімдеріне жоғары сұраныс күтілуде. Көкшетау қаласында 100 мың текше метр жылдық қуаттылығымен «Намыс» ЖШС темір-бетон бұйымдарын шығару желісін іске қосу 2019 жылғы перспективалық жоба болып табылады.
«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ның 2-ші кезегін іске асыру жалғасады, оның аяқталуы 2020 жылға жоспарланып отыр.
Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне деген қажеттілігін 15 пайызға дейін қамтамасыз ететін болады және импортты (50 пайыздан) 30 пайызға дейін төмендетеді.
(2017 жылы ҚР 349 мың тонна тауық еті тұтынылды; өндіріс – 176 мың тонна, импорт – 173 мың тонна).
Бүгінгі таңда фабрикадағы еңбек өнімділігі бір адамға 25 мың доллардан асады, бұл сала бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Ал екінші кезекті іске қосу арқылы бұл көрсеткіш тағы 1,5 есе өсетін болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта фабрика қуаттылығын 100 мың тоннаға дейін жеткізу арқылы 3-кезеңін (2020-2024 жж.), құс етін терең өңдеу мен дайын жартылай фабрикаттарды өндіру (2020-2023 жж.) және май өңдеу кешені (2020-2023 жж.) жөніндегі зауыт құрылысын жоспарлауда.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ

Агроөнеркәсіптік кешен облыс экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады, оның алдында бес жыл ішінде еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру міндеті тұр.
Қойылған міндеттерді ескере отырып, саланы дамытудың негізгі басым бағыттарының айқындалуымен өңірлік бағдарлама әзірленді.
2018 жылы облыстың 4,4 мың агроқұрылымдарына 28,8 миллиард теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Жыл сайынғы мемлекеттік қолдаудың және озық технологияларды енгізудің нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда.
2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2017 жылғы деңгейге қарағанда 397 миллиард теңгеге дейін 0,8 пайызға өсті.
Ауа райының қолайсыздығы жағдайына қарамастан 5,6 миллион тонна астық жиналды, орташа өнімділігі 13 центрнерден, оның ішінде 80 пайызы жоғары сапалы астық.
Әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде майлы дақылдар алаңы 10 пайызға (279 мың га-ға дейін), рентабельді дақылдардың бірі арпа алаңы 20 пайызға (556,2 мың га-ға дейін) кеңейтілді.
Жерді суару технологиясын қолдану мақсатында, 2018 жылы суару алаңы 7 есеге – 21 мың гектарға дейін ұлғайтылды, 2019 жылы тағы 3 мың гектарға («Сочинское» ЖШС – 1300 га, «Ақмола Феникс» АҚ – 176 га, «Қазбиф ЛТД» ЖШС –280 га, «Родина» АФ» ЖШС –1000 га және «СК Фууд» ЖШС – 365 га) ұлғайту жоспарлануда.
Целиноград ауданында 12,2 мың га алаңда «Алва» көлбеу суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда.
Жобаларды іске асыру болашақта тағы 115 мың гектар суармалы жерлерді айналымға тартуға мүмкіндік береді.
Жерді ұтымды пайдалану мақсатында, 2018 жылы алғаш рет нақты егіншілік элементтерінің бірі болып табылатын ғарыштық мониторинг жүргізу үшін облыстық бюджеттен 19 миллион теңге сомасында қаржы бөлінді. Егіс карталарын цифрландыру бойынша 5,7 миллион гектар алаңда жұмыс 100 пайыз жүргізілді.
«Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС базасында 3 мың гектар алаңда полигон құрылды, онда нақты егіншіліктің барлық элементтері сынақтан өткізіледі, 3 базалық кәсіпорын анықталды
(Целиноград ауданының «Ақмола Феникс» АҚ, Зеренді ауданының «Дихан Плюс» ЖШС және Бұланды ауданының «Журавлевка-1» ЖШС).
Нақты егіншілік пен мал шаруашылығының жекелеген элементтері облыстың 120 шаруашылығына енгізілді.
2018 жылы облыс бойынша 9 конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы айналымына 37,1 мың гектар алаңымен 104 жер учаскесі тартылды.
Мал шаруашылығы саласында (НКИ –103,4 пайыз) шаруашылықтың барлық санаттарымен 109,5 мың тонна тірі салмақта ет (2017 жылдың деңгейіне 6 пайыз өсіммен), 385,8 мың тонна сүт (0,5 пайыз өсіммен) және 886,5 миллион дана жұмыртқа (11,7 пайыз өсіммен) өндірілді.
ІҚМ басы 1,6 пайызға (410,6 мың мал басына дейін), оның ішінде сиыр 1,8 пайызға (207,8 мың мал басына дейін), қой мен ешкі 2,1 пайызға (522,2 мың мал басына дейін), жылқы 0,1 пайызға (172,3 мың мал басына дейін), құс 34,1 пайызға (7,7 миллион құсқа дейін) өсті.
Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 6000 мал басына арналған қолданыстағы бордақылау алаңдарының қуаттылығы кеңейтілді (Целиноград ауданындағы «Агро Парк» ЖШС, Аршалы ауданындағы «Ренессанс» ЖШС 15,5 мыңнан 21,5 мың мал орнына дейін).
Зеренді ауданының «Щучинский гормолзавод» ЖШС-да асыл тұқымды мал басының бордақылау алаңын 10 мың мал басына дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
30 жаңа отбасы фермалары 2700 ірі қара мал басын әкелуге кредит алды. 2023 жылға 16 мың бордақылау орны қуаттылығымен шамамен 700 ет фермалары құрылатын болады.
Жалпы қуаттылығы 900 мал басынан астам 15 сүтті-тауарлы фермалар іске қосылды. Алдағы уақытта 7,2 мың мал басы сауын табынды қуаттылығымен 5 ірі сүтті-тауарлы ферманы іске қосу жоспарланып отыр.
Облыста сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін республикада сүт тұқымдарының төлін өсіру бойынша асыл тұқымды емес ферма құру бойынша бірінші жоба басталды, оны іске асыру республиканың тауар шаруашылықтары арасында ең үздік әлемдік тұқымның жоғары бағалы асыл тұқымды төлін жыл сайын 3 мың басқа дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы саласында цифрландыру элементтері бар 6 ферма жұмыс істейді, оның 3-еуі – етті бағыттағы (Ақкөл ауданының «SC Food» ЖШС, Бурабай ауданының «Щучинск жем зауыты» ЖШС, Біржан сал ауданының «ҚазБиф» ЖШС), 3-еуі – сүтті бағыттағы (Астрахан ауданының «Камышенка» ЖШС, Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС және Ерейментау ауданының «Хамзе» ШҚ).
3 ірі сүтті-тауарлы фермалар (Целиноград ауданының «Астана өнім» АҚ және «Родина» АФ» ЖШС, Бурабай ауданының «Есіл Агро» ЖШС) толығымен цифрландырылды.
2018 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жобалық көзқарасты алғаш рет қолдана отырып, Астананың азық-түлік белдеуін дамытуға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыстың 9 ауданында жалпы сомасы 23,3 миллиард теңгеге 92 жоба айқындалды, оның ішінде өңірдің етті саласын дамытуға 56 жоба, сүт саласын дамытуға 17 жоба бағытталды. Жемшөп өндірісі мен көкөніс шаруашылығын қарқындату аясында 14 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, облыстың құс шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, балық шаруашылығы және жылыжай шаруашылығы саласын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда.
Ағымдағы сәтте жоспарланған 92 жобаның 15-і іске асырылды (оның ішінде: Ақкөл – 1 (ет фермасы), Аршалы – 3 (ет фермасы), Бұланды – 2 (1 СТФ және 1 ет фермасы), Бурабай – 4 (1 СТФ және 3 ет фермасы), Зеренді – 1 (ет фермасы), Целиноград – 2 (1 ешкі шаруашылығы, 1 мал бордақылау алаңы), Шортанды – 2 (1 сүтті қайта өңдеу, 1 пакеттеу).
Тұтастай алғанда, болашақта азық-түлік белдеуінің жобаларын іске асырудан күтілетін нәтиже қатысушыларға жыл сайын қосымша 40,9 мың тоннаға дейін сүт, 3,2 мың тоннаға дейін сиыр етін, 7 тоннаға дейін қой етін, 25 мың тоннаға дейін құс етін, 2 тоннаға дейін ірімшік және ірімшік өнімдерін, жылына 1 мың тоннаға дейін тауарлық балық, 15,1 мың тоннаға дейін көкөніс өндіруге мүмкіндік береді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 84,1 миллиард теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейінен 5 пайызға артық.
Ет өндірісі 12,3 пайызға (26,4 мың тонна), өңделген сүт 9,8 пайызға (59,7 мың тонна), өсімдік майы 18,9 пайызға (28,5 мың тонна), сары май 77,5 пайызға (1 мың тонна), ірімшік және сүзбе 30 пайызға (1 мың тонна), макарон өнімдері 4,6 есеге (409 тонна) өсті.
Іске асырылып жатқан жаңа жобалар жоғары сапалы өнім шығаруға бағытталған.
2018 жылы Атбасар ауданында өндірудің және өңдеудің толық топтамасымен тәулігіне 6 тонна күнбағыс майын өндіру зауыты құрылды, астық дақылдарын өңдеу жөніндегі зауыт іске қосылды («Ирченко-Элеватор» ЖШС, қуаттылығы жылына 35 мың тонна).
«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС қосымша көкөніс өсіру өндірісін кеңейтті, Есіл ауданында жаңа жылыжай кешені іске қосылды («Органика» ЖШС, қуаттылығы жылына 180 тонна), Аршалы және Жарқайың аудандарында екі жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды («Жібек Жолы Агросервис» ЖШС 2,5 мың тоннаға және «Тура Агро» ЖШС 2 мың тоннаға).
2019 жылы Жақсы ауданында жарма өндіру бойынша цех, ұн өндіретін кәсіпорын («Урожай» ЖШС), сүтті өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған 3 кәсіпорынды («Гормолзавод», «Есіл майкомбинаты», Харсиев ЖК) жаңғырту және заманауи ет өңдеу зауытын («Blicterminal» ЖШС) салу жоспарлануда.
Сүт өнімдерін өндірудің заманауи технологияларын қолдану есебінен «Родина» агрофирмасымен» (Целиноград ауданы) 2018 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігінің деңгейі 30 мың АҚШ долларын құрады, бұл сала бойынша орташа көрсеткіштен 6 есеге жоғары.
«Логос Грейн» ЖШС (Бұланды ауданы) еңбек өнімділігі орташа 15 мың АҚШ долларын құрайды.
Жалпы, агроөнеркәсіптік кешенде еңбек өнімділігі 13,1 пайызға өсіп, 1,5 миллион теңгені құрады (2018 ж. 9 ай деректері).
Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 19 пайызға артты (2018 жылғы қаңтар-қараша – 1519,4 мың тоннаға 267,9 миллион АҚШ доллар), экспорт құрылымында негізгі үлесті бидай (36%), арпа (6%), рапс тұқымы (3,3%), тағамдық тауық жұмыртқасы (1,8%), ұн (9%) алады.
ЕАЭО және үшінші елдерге экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне ет және сүт өнімдері, тағамдық жұмыртқа, ұн, өсімдік майы, балмұздақ өңірлік брендімен 172 кәсіпорын қосылды (оның ішінде ЕАЭО 137, ҚХР 34, басқа елдер 1).
Астана қаласында 5 «AQMOL» дүкені ашылды, сауда желісін кеңейту жұмыстары 2019 жылы да жалғасады (8-ге дейін жоспарланып отыр).
Осындай дүкендер келешекте Көкшетау қаласында, одан кейін облыстың аудан орталықтарында да ашылады.
2018 жылы бағаның өсуін тежеу мақсатында 677 жәрмеңке өткізілді, онда орташа бағадан 20 пайызға дейін төмен бағамен жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге шамамен 2920 тонна әртүрлі өнім сатылды.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Шағын және орта бизнесті дамыту – кез келген ел экономикасының негізі. Жыл сайын мемлекет бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсартып, жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуда.
2018 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 132,7 мың адам немесе облыстың экономикалық белсенді халқының 31 пайызы жұмыспен қамтылды (2017 жылға қарағанда 6 пайызға өсті). 6614 жаңа жұмыс орны ашылды.
Облыс бюджетіне ШОК субъектілерінен 2017 жылға қарағанда 3,8 пайыз өсіммен 37,1 миллиард теңге келіп түсті. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОК өнімінің үлесі 27 пайызды құрады.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолданылуын 2025 жылға дейін ұзартуды және оны іске асыруға жыл сайын кемінде 30 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
Бағдарлама аясында 2018 жылы 3,4 миллиард теңге бөлінді, 353 жоба қолдау тапты. Бағдарлама қатысушыларымен 479,4 миллион теңге салық төленді, 797 жұмыс орны ашылды.
Бағдарлама аясында шағын бизнесті дамыту үшін жас және кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өз ісін ашуына тегін үш миллион теңгеге дейін алуға мүмкіндік беретін гранттық қаржыландыру, маңызды құрал болып табылады. Гранттар 40 миллион теңгеге 18 кәсіпкерге бөлінді.
Екінші деңгейдегі банктер ШОК субъектілеріне 67,8 миллиард теңге сомасында кредит берді, бұл берілген кредиттердің жалпы көлемінің 30,4 пайызын құрайды, ең көп кредиттер ауыл шаруашылығы саласында – 51,5 пайыз, сауда саласында – 22,2 пайыз.
Қаржылық емес қолдау шараларымен 2145 кәсіпкер қамтылды, 18 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы 15 849 консультациялық көмек көрсетілді. Бағдарламаның әр түрлі бағыттары шеңберінде («Бизнес кеңесші», «Бизнес өсу», «Іскерлік байланыстар»,
«Назарбаев Университеті» ДБҰ жанындағы ШОБ топ-менеджменті) 946 адам оқудан өтті. Коммерциялық мақсаттар үшін сауда-саттықтың аукцион нысаны арқылы 408 миллион теңге сомасына 102 гектар алаңымен 276 жер учаскесі сатылды.
Халықтың бос жер учаскелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін бос жер учаскелерін көрсете отырып, «Қолжетімді жер» интернет-картасы әзірленді және ақпараттық порталдарда орналастырылды.
Кәсіпкерлікті ынталандыру үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде шағын кредит беру құралдары кеңейтілді. Осы бағыт бойынша 3,7 миллиард теңге бөлінді, бұл 2017 жылға қарағанда 1,4 есеге артық. Берілген шағын кредиттер саны 923-ке дейін 2 есеге өсті.
Консорциалды келісім негізінде Ақмола өңірлік ғылыми-зерттеу технологиялық паркі құрылды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы инвестиция көлемі 269,8 миллиард теңге деңгейінде қалыптасты (НКИ 96,1%).
Басым бөлігі (55,7%) ауылдық жерлерге инвестицияланды, 2017 жылмен салыстырғанда олардың көлемі 9,1 пайыз артты (150,4 миллиард теңге).
Жеке инвестициялар көлемі 210,7 миллиард теңгеге дейін 1,3 есеге ұлғайды, жалпы көлемдегі үлес 78,1 пайызға жетті. Оның ішінде сыртқы инвестициялар үлесі 5,8 пайыз (15,7 миллиард теңге) құрайды.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаты негізгі капиталға инвестиция салудың негізгі көздері болып табылады (49,5%). Тартылған қаражаттың 21,9 пайызын бюджет қаражаты, 12,3 пайызын банк кредиттері, 16,3 пайызын басқа қарыз қаражаты құрады.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2018 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 817,0 миллион АҚШ долларын құрады, экспорт – 362,5 миллион АҚШ доллары. 2017 жылдың кезеңіне қарағанда 26,5 пайыз өсіммен 32,9 пайызы немесе 119,3 миллион АҚШ доллары өңделген тауарлар экспортына тиесілі.
Негізгі экспорттық бағыттар – Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан және жақын шетелдердің басқа елдері.
Бидай экспортының көлемі 19,8 пайызға, сұлы 150,1 пайызға, подшипниктер 69,6 пайызға, тауық жұмыртқасы 72,2 пайызға өсті.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2018 жылы 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылға қарағанда 112,1 пайызды құрайды.
Облыс бойынша барлығы 4707 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.
2018 жылы тұрғын үй құрылысына 8,1 миллиард теңге тартылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,4 миллиард теңге, облыстық бюджеттен – 2,4 миллиард теңге, МБҚ есебінен – 1,3 миллиард теңге.
«Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 22,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
– республикалық бюджет қаражаты есебінен – 14,8 мың шаршы метр: бес үй Көкшетау қаласында (40 шаршы метр тұрғын үйлер), бір үй Сандықтау ауданында (18 шаршы тұрғын үй), бір тұрғын үй Бурабай ауданының Щучинск қаласында (45 шаршы тұрғын үй);
– облыстық бюджет қаражаты есебінен – 7,8 мың шаршы метр: Целиноград ауданының Қосшы ауылында (45 шаршы метр тұрғын үй), Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында (2 пәтерлі тұрғын үй), Астрахан ауданының Астрахан ауылында (36 шаршы метр тұрғын үй), Атбасар ауданының Атбасар қаласында (45 пәтерлі тұрғын үй, 1-позиция).
«Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Бәйтерек» АҚ қаражатын тарту есебінен Көкшетау қаласында 2017 жылдан бастап ауыспалы 12,1 мың шаршы метр ауданымен үш 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. (Көктем, 11Б, Центральный шағын ауданы, 55 Б (1-поз.және 2-поз.).
«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты шеңберінде 2018 жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау желілерін салуға (585,129 миллион теңге сомасына 7 жоба) және электрмен жабдықтау желілерін салуға (917,861 миллион теңге сомасына 9 жоба) 1,5 миллиард теңге бөлінді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 431 жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілді (Атбасар қаласында 69 участок, Аршалы кентінде 200 участок, Аршалы ауданының Ақбұлақ ауылында 77 участок, Степногорск қаласында 85 участок).
Құрылыс объектілеріне 23 километр желі тартылды (сумен жабдықтау тораптары – 20,2 км, электрмен жабдықтау желілері – 2,8 км).
Жеке тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 108 пайызды құрады (270 мың шаршы метр пайдалануға берілді).
Ипотекалық кредиттеу бағдарламасының «7-20-25». Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіншіліктері» шеңберінде 2018 жылы 1,8 миллиард теңгеге 213 өтінім мақұлданды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу көздерін жаңғырту мәселелері белсенді шешілуде.
2018 жылы Есіл қаласында (6,7 миллиард теңгеге) және Шаңтөбе кентінде (1 миллиард теңгеге) екі жаңа қазандық іске қосылды.
Нәтижесінде, Есіл қаласы бойынша ғана жалпы ауданы 200 мың шаршы метр болатын қосымша 111 көп пәтерлі тұрғын үй, қоғамдық және сауда объектілері қосылды, яғни 10 қазандықтың орнына қала тұрғын үй массивінен тыс шығарылған бір қазандықпен жылытылатын болады, бұл тұтынушыға жылуды тасымалдау кезіндегі нормативтік шығындарды 18,8 пайыздан 5-6 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы бойынша Астана қаласы «Дән» ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалды. Нысанды іске қосу 2023 жылға жоспарлануда.
Облыста «жасыл экономикаға» айтарлықтай назар аударылады.
2018 жылы жаңартылатын энергия көздерімен жалпы өндірілген көлемнен 16 пайыз электр энергиясы немесе 150 миллион киловатт-сағат өндірілді, бұл мысалы, Атбасар қаласын электрмен жабдықтау үшін жеткілікті.
Бүгінгі таңда, облыста осы бағытта 3 жоба іске асырылуда: Аршалы ауданында және Көкшетау қаласының Красный яр ауылында жалпы қуаттылығы 103,75 мегаватт жел электр станциясы және Целиноград ауданында қуаттылығы 100 мегаватт күн электр станциясы.
Ерейментау ауданында жалпы қуаттылығы 75 мегаватт жел электр станциясын салу бойынша қосымша 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жобаларын іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша аукцион нәтижелерінің негізінде Аршалы және Зеренді аудандарында жалпы қуаттылығы 150 мегаватт жел электр станциясын салу бойынша екі жеңімпаз анықталды.
Баламалы энергетика саласындағы барлық жобаларды іске қосу арқылы электр энергиясын өндіру электр энергиясының жалпы көлемінің шамамен 25 пайызын құрайды, 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Баламалы энергетиканың басқа да жобалары іске асырылды.
Пилоттық режимде «Е-КСК» электрондық бағдарламасы іске қосылды, ол тұрғындардың өтінімдерін өңдеуге, есептілікті жариялауға, онлайн-дауыс беруді өткізуге және пайдаланушыларға хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Жүйе 64 ПИК енгізілді.
Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспарына сәйкес, есепке алу құралдарын орнату және ауыстыру, ескірген жабдықтарды қазіргі заманғы энергия үнемдейтін жабдыққа ауыстыру, қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру, жылу-электр-сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, қайта жаңарту, бюджет секторының ғимараттары мен құрылыстарын терможаңғырту, облыстың қалалары мен ауылдарында көше жарығын жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2018 жылғы үнемдеу: электр энергиясы бойынша – 5 619,2 мың киловатт-сағат, жылу энергиясы бойынша – 293 мың гигакалория, су бойынша – 713 мың текше метр, отын бойынша 90,9 мың тоннаны құрады.
Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жоспарлы шешілуде.
Жалпы, 2018 жылы облыс бойынша 6 елді мекенде 135 шақырым сумен жабдықтау және 29 шақырым су бұру желілері салынды.
Экологиялық проблемаларды шешу мақсатында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында бүгінгі таңда 21 миллиард теңгеден астам сомаға 11 жоба іске асырылуда, бұл 2021 жылға қарай Щучинск қаласын, Бурабай және Қатаркөл кенттерін, сондай-ақ курорттық аймақта орналасқан сауықтыру орындары мен шипажайларды орталықтандырылған сумен және су бұрумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен облыстың ауылдық елді мекендерінің 59,4 пайыз ғана қамтылған. Орталықтандырылмаған сумен жабдықталған 228 ауылдық елді мекеннің 111-інде 2021-2023 жылдары сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы жоспарлануда, 52 елді мекенде құрамдастырылған блок-модульдер орнату, 65 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін дамыту халық санының азаюы және экономикалық даму әлеуетінің төмендігінен орынсыз деп танылды.
Тасымалданатын сумен 22 елді мекеннің ішінен 2019-2023 жылдары 5 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда, 4 ауылда құрамдастырылған блок-модульдер орнатылуымен, ұңғымалар құрылысы жүргізілетін болады, 13 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін дамыту орынсыз деп танылды.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.
Ақмола облысының республикалық жолдарын дамытуға «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы түрткі болды, оның шеңберінде облыста Орталық-Оңтүстік «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автожолы және Орталық-Шығыс «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» бағыттары бойынша 180,7 миллиард теңге жалпы сомасына 261,3 шақырым жалпы ұзындығы мен жобалар іске асырылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша, «Нұрлы жол» жобаларын ескере отырып, облыста 639,5 шақырым автожол реконструкцияланды және жөнделді, оның ішінде: жергілікті маңызы бар автожолдар – 476,5 километр.
Аталған жобалармен қатар 2017 жылдан бастап ұзындығы 80 шақырым болатын «Щучинск-Зеренді» автожолын жаңарту жүргізілуде және 2018 жылы іске асырылған 4 шақырым ұзындығымен Көкшетау қаласына кіреберіс жол учаскесін реконструкциялау жобалары іске асырылды.
Алдағы уақытта, 2020 жылы Көкшетау қаласына 7 шақырым болатын кіреберіс жолының қалған учаскесі реконструкцияланады. Сондай-ақ, Елбасының шешімі бойынша 2020 жылдан бастап Орталық-Батыс «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» бағыты бойынша жобаны іске асыруды бастау жоспарланды. Ақмола облысының аумағы бойынша 354 километр (Каспий теңізіне дейінгі жалпы ұзындығы 2,5 мың км) участок реконструкцияланатын болады. Бұл жол Ақмола облысының оңтүстік шекараларына жанасатын барлық аудандарын өзара қосады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудыңжаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес, жергілікті торап жолдарын жөндеу жұмысы белсендірілді. Осыған байланысты, 2018 жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 12,8 миллиард теңге бөлінді.
Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша жобалар іске асырылды.
Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ұзындығы 73 шақырым болатын 11 елді мекенде (Ақмол, Талапкер, Нұресіл, Қабанбай батыр, Қосшы, Қоянды, Малотимофеевка, Шұбар, Қараөткел, Жалтыркөл және Жібек Жолы елді мекендері) жұмыстар жүргізілді.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту шеңберінде Текекөл, Зеленый Бор-Мәдениет, Бурабай-Қатаркөл, Щучинск-Бурабай-Наурызбай батыр-облыс шекарасы айналасында, сондай-ақ Бурабай кентінің көше-жол желісі бойынша автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша жобалар әзірленуде.
Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды және қала маңы аймағының елді мекендерінің көшелерін жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Осы мақсаттарға 13,5 миллиард теңге сомасында қаражат қарастырылды. Көрсетілген қаражат шегінде жергілікті маңызы бар 293 шақырым жолды және көше-жол желісін жөндеу жоспарлануда. Автобус маршруттарының жергілікті желісі дамуда. Жолаушылар автокөлік қатынасымен елді мекендердің 88,2 пайыз қамтылған (100 адамнан астам халқы бар 440 елді мекен).
11 жаңа ауданішілік қатынас ұйымдастырылып, 2 қолданыстағы маршрут ұзартылды. Автобус қатынасымен қосымша 19 елді мекен қамтылды.
Ақкөл ауданында «Қараөзек-Ақкөл» ауданішілік автобус маршруты ұзартылды (Қараөзек а. 1 е/м қамтылды), Атбасар ауданында «Октябрьское-Хрящевка-Атбасар» ауданішілік автобус маршруты (Калиновка а. 1 е/м қамтылды), Бурабай ауданында «Щучинск-Қатаркөл-Сосновка» ауданішілік маршруты (Сосновка а. 1 е/м қамтылған), Егіндікөл ауданында «Тоғанас-Ұзынкөл-Егіндікөл» ауданішілік маршруты (Тоғанас және Ұзынкөл 2 е/м қамтылған), Ерейментау ауданында «Ажы-Қойтас-Ерейментау» ауданішілік маршрут (Ажы а. 1 е/м қамтылды), Есіл ауданында «Красногорский-Игілік-Есіл» ауданішілік маршруты, (Калачи, Игілік а. 2 е/м қамтылған), Жақсы ауданында «Жақсы-Терісаққан» автобус қатынасы (Терісаққан а. 1 е/м қамтылған), Жарқайың ауданында «Державинск-Костычево», «Державинск-Бірсуат» автобус қатынасы (Костычево, Донское, Бірсуат а. 3 е/м қамтылған), Зеренді ауданында «Державинск-Зеренді-Молодежное», «Зеренді-Игілік» (Қазақстан, Молодежное, М. Ғабдуллин 3 е/м қамтылған), Сандықтау ауданында «Веселое-Балкашино Новоселовка арқылы», «Веселое-Балкашино Жыланды арқылы» автобус қатынасы ұйымдастырылды (Веселое, Новоселовка, Жыланды а. 3 е/м қамтылған), Шортанды ауданында «Бозайғыр-Шортанды-Пригородное» ауданішілік автобус бағыты ұзартылды, Егемен ауылына дейін «Шортанды-Бозайғыр-Пригородное» ауданішілік маршруты енгізілді.
2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жолаушылар көлігін жаңғырту бойынша екі жобаны іске асыру басталды: Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесін енгізу және автобустарды жаңарту.
Көкшетау қаласының автопаркін жаңарту мақсатында заманауи талаптар мен стандарттарға жауап беретін 36 жаңа автобус сатып алынады.
2018 жылы 1 облысаралық «Астана — Түркістан» теміржол қатынасы және 1 халықаралық «Қарағанды — Томск» бағыты ұйымдастырылды. 2019 жылы 2 маусымдық облысаралық «Астана-Алматы-1» және «Астана-Достық» теміржол қатынасын ұйымдастыру жоспарлануда. 2018 жылы Көкшетау қаласының әуежайынан Алматы, Ақтау және Мәскеу қалаларына 3 тұрақты әуе қатынасы бойынша авиатасымалдау жүзеге асырылды.

АУМАҚТЫҚ ДАМУ

Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру жалғастырылды. 2018 жылы 137 кешенді жоспарды іске асыруға 8,5 миллиард теңге бөлінді.
Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев және Қызылжар ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, Оразақ-Ақмол ауылының негізгі су құбырларын қалпына келтіру (2-кезек), Целиноград ауданы Софиевка және Караөткел ауылдарында электрмен жабдықтау желісінің құрылысы, Целиноград ауданы Малотимофеевка, Қабанбай батыр, Қосшы ауылдарының жол желісін күрделі жөндеу және Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылына кіретін жолмен ішкі жолдардағы күрделі жөндеу, Целиноград ауданының Қосшы ауылында екі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Степногорск моноқаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша мәселелер кезең-кезеңмен шешілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2018 жылы Шаңтөбе кентінде қазандық іске қосылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджеттік несиелер есебінен Ақсу және Заводской кенттерінің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5 миллиард теңгеден астам құнымен «Сопки-305» су тазарту нысандарын жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталды, оның ішінде 2018 жылы 726,6 миллион теңге, ағымдағы жылы жобаны аяқтау үшін 4,6 миллиард теңге бөлінді.
2018 жылы 4 және 6 шағын аудандардағы 38 мың шаршы метр кварталішілік жолдар жөнделді, Степногорск-Өнеркәсіптік аймақ автомобиль жолының 2,2 шақырымына жөндеу жүргізілді, Ақсу-Бестөбе-Изобильное жолын жөндеу басталды (ұзындығы 25 км жол учаскесі жөнделді).
Қаланың тұрғын үй қорын одан әрі дамыту және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жетінші шағын ауданындағы 143 пәтерлі № 52 тұрғын үй қалпына келтірілді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы екі үй құрылысына (3 және 4-позициялар) 1019 миллион теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
2018 жылы 59,3 миллиард теңгеге немесе 2017 жылға қарағанда 2 есеге көп тауар өндірген индустрияландыру жобаларын іске асыру нәтижесінде өндіріс көлемінің ұлғаюына (өсім 26,9 %) қол жеткізілді.
«Қазақалтын Технолоджи» ЖШС Бестөбе кенішінде техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу бойынша екінші фабрика- «зәкірлік жоба» іске қосылды.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 19 жоба субсидиялануда. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 135,8 миллион теңге сомасына 24 адам шағын кредит алды.
Қолданыстағы шағын және орта бизнестің саны 3427 данаға дейін 1,1 пайызға көбейді. Шағын бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 2,3 миллиард теңгеге салықтар немесе 2017 жылға қарағанда 110,7 пайызға түсті, 506 жаңа жұмыс орны ашылды. 732 тұрақты және 197 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, сыртқы және ішкі туризмді дамытуға біздің бай табиғи және мәдени әлеуетімізді пайдалана отырып, ерекше көңіл бөлу қажет.
Туризм Ақмола облысында ерекше орын алады. Өз кезегінде облыс Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді. Облыста туризм саласында 700-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Бұл жерде 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парк: «Бурабай», «Бұйратау» және «Көкшетау», Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (әлемдегі солтүстік қызғылт қоқиқаз популяциясы), сондай-ақ 900 мәдениет ескерткіштері бар.
2018 жылы облысқа алдын ала деректер бойынша 1,1 миллион адам келді. Облыста қызмет көрсетілген келушілер саны 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 1,6 пайызға артып, 270 мың адамға жетті. Көрсетілген қызметтердің көлемі 5,5 миллиард теңгені құрады (2018 жылдың 9 айындағы деректер). Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының ІІІ кезеңі шеңберінде 2018 жылы Бурабай ауданының полиция басқармасы ғимаратының, атты взвод және полиция қызметкерлеріне арналған 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Визит-орталық базасында тарихи-өлкетану мұражайы және Ботай мәдениетінің мұражайы құрылды, «Жайлау» этно-ауыл және автокемпингтер ашылды. Стрит-фуд желісі ұйымдастырылды (20 сауда павильоны). «AsiaWaters» компаниясы жаңа «Qulager Burabay» емдік-асханалық судың өнеркәсіптік өндірісін қолға алды.
Қызмет құнын төмендету үшін, 50 % жеңілдікпен турпакеттерді сату (қонақ үй + экскурсиялар) және Burabay City Pass электронды жүйесі енгізілді.
Курорт отельдері батыс облыстардың 12 кәсіподақ ұйымдарымен келісімшарт жасады, онда маусым бойы 1293 қызметкер демалды. Бурабай кентінде жаңа шағын аудан (14 га) құрылысының басталуымен қатар негізгі көше мен орталық алаңды абаттандыру жүргізілді, Бурабай көлінің жағажай аймағына 2 аллея салынды, қоқысты бөлек жинау жобасы іске асырылуда. «I love Burabay» жазуы және ақпараттық көрсеткіштер түрінде шағын сәулет объектілері орнатылды.
Облыс әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ арасында қол жеткізілген уағдаластық аясында облыс аумағында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 9 «KazWay» модульдік үлгідегі сервис павильоны орнатылды.
Сервистің сапасын жақсарту мақсатында сертификатталған қонақ үйлер саны 4-тен 26 объектіге дейін жеті есеге өсті (оның ішінде 1 нысан – 5*; 6 нысан – 4*; 9 нысан – 3*; 7 нысан – 2*; 3 нысан – 1*). «Hotel Plaza» қонақ үй кешенінде Қазақстандағы алғашқы «Сервис және туризм академиясы» ашылды.
Цифрландыруды енгізу шеңберінде туристік ақпараттық орталық Ақмола облысының туристік әлеуеті туралы жаңа 3 тілдік интернет-ресурс – www.visitaqmola.kz енгізді, «Visit Aqmola» мобильді қосымшасы құрылды, оның функциясына өңірдің танымал орындарын сканерлеу QR-коды кіреді.
Ақмола облысының геоақпараттық порталы туристік объектілер бойынша виртуалды турмен жүзеге асырылды, ол геодеректер мен геоақпараттардың үлкен көлемін жинауға, сақтауға, визуалдауға, талдауға және өңдеуге арналған. www.smartaqmola.kz порталына және «Smart Aqmola» мобильдік қосымшасына қолжетімділік бар.
Туристерді тарту мақсатында тұрақты негізде имидж қалыптастыру бойынша, оның ішінде елде де, одан тыс жерлерде де өңірдің туризмін ақпараттық ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылы өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған 30 іс-шара, 500-ден астам шетелдік және қазақстандық туроператорлар, инвесторлар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 12 ақпараттық-жарнамалық тур өткізілді. 2018 жылдың басынан бастап Ақмола облысы 4 халықаралық және 1 республикалық көрме мен форумда ұсынылды.
Бурабай курортының тартымдылығын және бизнесті тарту арқылы жыл бойы жүктеуді қамтамасыз ету мақсатында, «Four seasons» тұжырымдамасы іске асырылуда. «Four seasons» күнтізбелік іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 28 іс-шара, оның ішінде 24 зәкірлі және 4 оқиғалы іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараларға қатысушылардың жалпы қамтылуы 20 мың адамды, мультипликациялық қамту 800 мыңнан астам адамды құрады.
Жалпы, туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2018 жылы 340 жұмыс орнын ашу арқылы 4,3 миллиард теңгеге 32 инвестициялық жоба іске асырылды.
Облыс орталығын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
2018 жылы қаланың аула аумақтарын абаттандыруға және жөндеуге облыстық бюджеттен 409,6 миллион теңге бөлінді. Юбилейный шағын ауданы мен Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелері шегіндегі аулаларды жөндеу аяқталды.
2019 жылға қаланың аула аумақтарын жөндеуге облыстық бюджеттен 369,7 миллион теңге бөлінді (Абай-Пушкин-Әуелбеков-Тәшенов көшелерінің алаңдарындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу).
28 ойын және 15 спорт алаңдары жайластырылды, аула аумақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Станционный кентінде, Абай-Темірбеков көшелерінің қиылысында Ш.Уәлиханов атындағы университетіне қарама-қарсы шағын гүлбақтар абаттандырылды.
Горький-Әуезов көшелерінің қиылысындағы байланыс, Чайкино кентіндегі 2 көпір және МПС көшесіндегі көпір реконструкцияланды.
Сонымен қатар, Ғабдуллин көшесін (Әуезов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін) реконструкциялау, Вавилов көшесі бойынша (Көкшетау-Зеренді а/ш Жайлау ш/а дейін) жолдарды күрделі жөндеу, Бейбітшілік (Абай көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін) және Нау-
рызбай батыр (Кенесары көшесінен Янко көшесіне дейін) көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Цифрландыру шеңберінде халықтың жаппай жиналатын орындарын, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудан орталықтарының қиылыстарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы бірыңғай облыстық бейне талдау жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда.
«Ақылды» қаланың (Smart ТКШ, Smart аялдама, Smart білім беру, Smart қауіпсіздік) тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландыруды қарастыратын 2 «Smart-квартал» жобасы қарастырылуда. Алдағы уақытта, квартал мысалында Көкшетау қаласы бойынша Smart тұжырымдамасын іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құру мәселесі пысықталуда, ол халықтың апат, оқиғалар, денсаулыққа қауіп-қатер, басқа да төтенше жағдайлар оқиғаларына өтініш білдіруінің бірыңғай нүктесінің міндеттерін жабады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылы біздің облыста Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Ақылды қала» бірінші жобасын іске асыру басталды.
Ақкөл қаласы SmartCity технологияларын тестілеу үшін елдегі жалғыз алаң болды. Бұл жаңашылдық цифрландыру арқылы елді мекен азаматтарының тіршілік әрекетін қадағалауға мүмкіндік береді. Барлық деректер төтенше жағдайларға мониторинг және жылдам әрекет ету демонстрациялық-ахуалдық орталығына түседі.
Есептеу аспаптары ауыстырылды, алыстан алынған деректер: 6000 электржабдықтау және 4500 су есептегіш құралдары ауыстырылды. Ол үшін су есептегіштерінен ақпаратты қабылдау-беру үшін 7 «LoRa станциясы» орнатылып, дыбыспен барлық қала қамтылды. 250 ақылды шамдарға көше жарығын жаңарту жүргізілді.
Қаланың орталық алаңында күн батареяларында WI-FI тарату нүктелерімен қызмет ететін электрондық құрылғыларды зарядтау мүмкіндігімен 2 дана «ақылды орындықтар» орнатылды. Қауіпсіздікті 62 бейнебақылау камералары арқылы бақылайды (онлайн режимінде жұмыс істеу және бейне сақтау функциясы бар).
«Smart Building» жүйесі енгізілді (түтіндеу/өрт датчиктері, есік ашу, қозғалыс, дыбыс беретін бейнебақылау камералары және датчиктерден ақпарат жинауға арналған контроллер). Өрт сөндіру датчиктерінің жағдайы туралы деректерді беру және мониторинг жүйесімен 4 мектеп, 3 балабақша, аудандық орталық аурухана жабдықталды.
Салқындатқыш және бейнебақылау камераларымен жабдықталған 2 жылы аялдама орнатылды, жолаушыларға арналған автобустардың қозғалыс кестесі бар қолжетімді ақпараттық панелі бар, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері туралы жедел ақпарат жинауды жүргізеді. Қала бойынша және барлық қоғамдық автобустарда интернет желісіне Wi-Fi қол жетімділіктің 34 нүктесі қосылған.
Қауіпті учаскелерді бақылауды жүзеге асыратын, үлкен биіктіктен станцияларды жедел радиобайланыс және бейне бақылау, ауаның ластануына бақылау жүргізетін 100 километрге дейінгі қашықтықта бейнебақылаумен жабдықталған «Аэростат» әуе платформасы орнатылды (ауаның ластануының 3 датчигі).
Орталық алаңда веб-портал қызметін атқаратын табло орнатылды, ол барлық деңгейдегі пайдаланушылардың жұмысы мен ақпаратын көрсететін, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық сервистерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесі бар, басқа қалалардан келген азаматтар мен туристер үшін қаланың танымдық картасы болып табылады.

БІЛІМ БЕРУ

Есепті жылы барлық деңгейлерде білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың жүйелі шаралары қабылданды.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 2,3 мың орынға арналған 20 ұйым ашу есебінен 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 99 пайызға жетті. Облыстың 13 өңірінде қазірдің өзінде 100 пайыз қамтылып отыр. Көкшетау қаласында 280 орынды балабақша пайдалануға берілді, екі балабақшаның құрылысы жалғасуда (Көкшетау қ. және Шортанды ауданының Төңкеріс а.).
Жеке сектормен әріптестіктің нәтижесінде жекеменшік балабақшалардың үлесі 42,7 пайызға жетті және өсуі жалғасуда. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инвестиция сомасы шамамен 700 миллион теңгеге 10 жоба іске асырылуда, тағы 3 жоба қарастырылуда.
Цифрландыру аясында «Балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру», «балаларды мектепке қабылдау» автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерге мектепке дейінгі 148 ұйым мен жалпы білім беретін 103 мектеп қосылды. Қызметтер www.akmola.kz сайтында қолжетімді, сондай-ақ мобильді қосымша іске қосылды.
Орта білім беруде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жалғасуда, 2018 жылы мектептердің 3, 6 және 8-сыныптары көшті. Ол үшін 1,4 миллиард теңгеге оқулықтар сатып алынды.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 3,8 мың мұғалім біліктілігін арттырды. Есепті жылы мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 2,2 миллиард теңге бағытталды.
2018 жылы 1300 орынды 4 мектеп (Біржан сал ауданының Невское а.
80 орынды, Сандықтау ауданының Балкашин а. 200 орынды, Целиноград ауданының Қаражар а. 120 орынды, Көкшетау қаласында 900 орынды), Көкшетау қаласының №18 орта мектебіне 420 орынды қосымша оқу корпусы пайдалануға берілді, Зеренді ауданының Зеренді ауылында М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің спорт залын салу арқылы оқу корпусының ғимаратын және Қорғалжын ауданы Арықты ауылында мектеп-интернаты жаңартылды.
Сонымен қатар, есепті жылы жеке инвестициялар есебінен Целиноград ауданы Отаутүскен ауылында 25 миллион теңге инвестициялау сомасына 50 орынды мектеп ашылды. Оқушыларды оқыту жағдайын жақсарту бойынша шаралар қолданылуда.
12 білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу және 500-ден астам білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаражаты есебінен («Свободное» ЖШС) Сандықтау ауданының Владимировка негізгі мектебіне 102 миллион теңге сомасына жөндеу жүргізілді.
2018 жылы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банк гранты есебінен (тапсырыс беруші «Қазақэнергиясараптама» АҚ) облыстық білім басқармасының бастамасымен 65,8 миллион теңге сомасына 2 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді («Степногорск қаласының дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №1 балалар үйі» КММ).
Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде тағы 5 білім беру ұйымында («Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ, «Көкшетау қаласының №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ, «Степногорск қаласының №3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ, «Есіл қ. мектеп-интернаты») жалпы сомасы 324,2 миллион теңгеге жұмыстар жүргізілуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 9 білім беру ұйымының ғимараттарынан қазандықтар шығарылды. Бұланды, Зеренді, Шортанды және Целиноград аудандарының 178 білім беру нысанының қазандықтары сенімгерлік басқаруға берілді.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың барлық балаларына тегін ыстық тамақ беріледі, тасымалдаудың қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін 31 мектеп автобусы сатып алынды, барлық оқушылар тасымалдаумен қамтамасыз етілді.
Есепті жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 103 миллион теңге инвестициялау сомасына Көкшетау қаласының 17 асханасы сенімгерлік басқаруға берілді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осылайша, облыста 292 мектеп немесе 52 пайыз, 95 мемлекеттік балабақша немесе 73,1 пайыз жабдықталды.
Цифрландыру аясында барлық мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер кең жолақты интернетке, «BilimLand» білім беру платформасына, «Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылды, бағдарламалау негіздерін зерделеу бойынша тегін IT-сыныптары ашылды. Жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтамасыз етілуі 50,4 па-
йызды құрайды, барлығы – шамамен 1000 кабинет.
WI-FI желілері облыстың 200 мектебінде орнатылды және бұл жұмыс жалғастырылатын болады. STEM-білім беру аясында 135 ұйым робототехника элементтерімен жабдықталды.
Республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында облыс оқушылары оң нәтижелер көрсетіп, 69 медаль (алтын — 18, күміс — 22, қола — 29) жеңіп алды. Облыстың білім беру жүйесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінеді.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы балалар үйлерінде тұратын жетім балалар санын азайтуға бағытталған. Отбасылық тәрбие нысандарын дамытудың нәтижесінде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің контингенті қысқарды, бұл есепті жылы Есіл қаласындағы балалар үйін таратуға мүмкіндік берді. Өңірдің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, мамандарды даярлау жалғасуда.
2018 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 6 мыңға жуық адам түсті (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 4534 адам, «Серпін» жобасы бойынша – 165 адам, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында – 1190 адам).
Қысқа мерзімді кәсіби оқытумен 1,7 мың адам, оның ішінде 2 мобильді оқу орталығы арқылы 300-ден астам адам қамтылды.
2018 жылғы колледждердің 3861 түлегі жұмысқа орналастырылды және 1255 немесе 95,6 пайызы еңбекпен қамтылды.
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуде дуальды оқыту аясында кәсіби-техникалық кадрларды даярлаудың тиімді нысандарының бірі ретінде кадрларды даярлау ерекше рөл атқарады. Облыста дуальды оқытуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды ұсынатын әлеуметтік серіктестермен жұмыс жолға қойылған. Бүгінде облыстың 280 кәсіпорнының қатысуымен 2,2 мың студент дуальды оқытумен қамтылды.
WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаттары ТжКБ мамандықтарының беделін арттыру мен сапалы даярлаудың белсенді құралы болып табылады. WorldSkills Ұлттық чемпионатында Ақмола облысының командасы 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, республикада 2-ші жалпы командалық жүлделі орынды иеленді.
2018 жылы бес әлеуметтік бастама аясында облыстық бюджет қаражатынан жоғары білімді кадрларды даярлау үшін 150 білім гранты берілді (100 – педагогикалық, 50 – медициналық).
Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін Көкшетау қаласында 2,7 мың орынды 2 ЖОО және 4 колледжге арналған студент жатақханаларын салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру жолымен ауруларды ерте анықтау және халықтың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша қойылған міндеттер шешілуде.
Денсаулық сақтау ұйымдарына 1,3 миллиард теңге сомасына 280 медициналық жабдық, оның ішінде 15 санитарлық көлік, 23 медицина ұйымына арналған 46 физиотерапиялық жабдық, наркозды-тыныс алу аппараты, эндоскоптарға арналған жуу-дезинфекциялау машина, анализатор, бейнекольспоскоп және басқалар сатып алынды.
Көкшетау қаласы көпбейінді облыстық ауруханада кардиохирургиялық көмекті дамыту үшін қосалқы қан айналымын жүргізуге арналған жүйе экстракорпоральды мембранды оксигенация аппараты алынды.
Көкшетау қалалық емханасының жанында жасөспірімдерге медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетудің жастар орталығы ашылды. Денсаулық сақтаудың 13 нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Халыққа жедел медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуда, Аршалы және Целиноград аудандарында 5 қосымша жедел жәрдем пункті ашылды, олар 23 ауылға қызмет көрсетеді.
2019 жылы 15 қосымша ЖМЖ бөлімшесін ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем қызметімен 225835 адам тұратын 152 елді мекен қамтылатын болады, ол облыстың ауыл тұрғынының 56,6 пайызы, қамту аймағы ауылдық елді мекеннің 28,9 пайызды құрады.
Қан айналымы жүйесі сырқатынан өлімді төмендету және жіті миокард инфарктісі кезінде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін №2 Ақмола облыстық ауруханасы негізінде мультифункционалды ангиографиялық қондырғы орнатылған тері арқылы араласу орталығы ашылды.
Израильден шетелдік әріптестерді шақыру арқылы шебер-кластар өткізілді, 34 дәрігер-жаттықтырушыға базалық жүрек-өкпе реанимациясының дағдыларына халықаралық үлгідегі сертификат беру арқылы, медицина қызметкерлері мен парамедиктерді оқыту құқығымен оқытылды. Әр медициналық ұйымда базалық өкпе-жүрек реанимациясына медициналық қызметкерлерді оқыту үшін шағын-симуляциялық орталықтар ашу жоспарлануда.
Амбулаториялық деңгейде жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге дәрілік заттар өткізілді, 676,7 мың рецепт жазылып, қамтамасыз етілді (ӘМСҚ қаражаты есебінен).
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру шеңберінде 33 мемлекеттік медициналық ұйымда кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді (қамту 100%). Жобаға 4 жеке медициналық ұйым қосылды.
Бекітіліп берілген 758,3 мың адамға халықтың өңірлік электрондық денсаулық паспортымен қамтылуы 98 пайызды құрады. Кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің базасында «Дамумед» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, онда облыстың 138 мың пациенті тіркелген.
Нәтижесінде облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1,5 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім 24,1 пайызға, қатерлі ісіктер 10,5 пайызға, туберкулез 40,9 пайызға жақсарды. (2018 ж. 11 айдағы деректер). Онкопатология көрсеткіші 4,2 пайыз, туберкулез ауруы 12,6 пайызға төмендеді.
Кадрлармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 226 жас маман келді (65 дәрігер және 161 орта медицина қызметкері), оның ішінде 33 маман ауылға жіберілді (18 дәрігер және 15 ОМҚ).
Денсаулық сақтау желісінде 570 медициналық ұйым бар, оларда 1852 дәрігер (өсім 2 %) және 6439 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Есеп беру кезеңінде патронаждық қызметтің әмбебапты-прогрессивті моделін және ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізу басталды. Оқудан өткені туралы сертификаты бар учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 20 пайызға өсіру жүргізілетін болады. Оқытуға жататын 1163 медицина қызметкерінің 63 пайызы оқытудан өтті, 2019 жылдың бірінші жартысында қалғандарын оқыту жоспарлануда. Учаскелік дәрігердің 104 мың теңге орташа айлық жалақысы өсіру есебінен 124 мың теңгені, орта медицина қызметкердің 90 мың теңге жалақысы өсіру есебінен 108 мың теңгені құрайтын болады.
35 маман үстемеақы алды («Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 5 маман 841,5 мың теңге, 30 жас дәрігер маман медицина ұйымдарының қаражаты есебінен 3603,4 мың теңге алды), тұрғын үймен 30 маман қамтамасыз етілді (27 дәрігер және 3 орта медицина қызметкері).
2018 жылы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 206 студент, оның ішінде 30-ы Үндістаннан келген контингентпен
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Жалпы медицина» факультеті ашылды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмыссыздықты қысқарту және нәтижелі жұмыспен қамту үшін жағдай жасау жолымен еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі міндет болып табылады.
Облыста экономиканың барлық саласында 12727 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 8035-сі тұрақты. Ауыл шаруашылығы саласында ашылған жұмыс орындарының үлесі – 14,7 пайыз (1868 орын) және көтерме-бөлшек сауда – 12 пайыз (1529 орын).
2017 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деңгейі 3,6 пайызға артып, 2018 жылы өтініш білдіргендердің санынан 95,9 пайызын құрады (19469 адам жұмысқа орналастырылды).
Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен www.enbek.kz порталында электрондық еңбек биржасы енгізілді, ол жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге көмектесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай сандық алаң болып табылады. Портал арқылы 1590 жұмыс беруші жұмыс істейді, 2511 жұмыс іздеуші тіркелді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде қолдау шараларымен 27657 адам қамтылды. ТжКБ базасында облыстың 18 колледжінде 1190 жас адам оқумен қамтылды.
Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуға 1713 адам жіберілді.
Оқу орындарының 733 түлегі жастар тәжірибесінен бастапқы тәжірибе ала алды, қосымша құрылған әлеуметтік жұмыс орындарында 809 адам жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстарға 2817 адам қатысты.
Осы іс-шараларды іске асыру бойынша қабылданатын шаралар, жалпы жұмыссыздық көрсеткішін 4,8 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жұмысы жалғастырылуда. Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру мақсатында, 52,9 мың адам қамтылуымен тұрғындармен 3,2 мың кездесу өткізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек 12237 азаматқа, тұрғын үй көмегі 2897 азаматқа төленді, үйде тәрбиеленетін және оқитын 374 мүгедек баланы оқытуға жұмсалған шығындар өтелді.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын 100 пайыз паспорттау жүргізілді, 1672 нысанның қол жетімділікпен қамтамасыз етілді.
2018 жылы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін жұмыс тобы облыстың барлық өңірлеріне 11 көшпелі тексеруді жүзеге асырды, 179 нысан тексерілді.
Мүгедектер 471 кресло-арбамен, 565 тифло-сурдотехникалық құралдармен, 1470 протездік-ортопедиялық бұйымдармен, 3944 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Санаториялық-курорттық емделуге 1449, «Инватакси» қызмет 180-нен астам мүгедекке көрсетілді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Мәдениет саласында өткізілетін іс-шаралар отансүйгіштікке тәрбиелеуге, салт-дәстүр мен тарихты құрметтеуге, туған өлкенің тарихын насихаттауға бағытталған.
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы дала кеңістігінде табысты Қазақстанмен жаңа астана тұрғызған Тұңғыш Президенттің кең ауқымды тарихи рөлі және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен оның жетістіктері көрсетілетін «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарихи залы ашылды.
«Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражай жобасы жүзеге асырылды, оған
5 мыңнан астам адам қатысты. Жоба AQMOLA TOURISM AWARDS сыйлығының «Үздік туристік кешен» аталымы бойынша 3 құрметті орынға ие болды.
Бурабай тарихи-өлкетану мұражайында жаңа экспозиция залы ашылды. Мұражай Бурабай Даму орталығының жаңа ғимаратында жаңа серпіліс алды, осы күнге дейін мұражайға 30 мыңнан астам туристер келді.
2018 жылы барлығы 56 инновациялық жоба жүзеге асырылды. 47 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оларға 4,3 миллион адам келді.
2018 жылы 3 ауқымды зәкірлі облыстық жоба әзірленді: «Сал-серілік дәстүрдің салтанаты», «Алтын тағалы Атбасар», «Батырлар туған бақ мекен».
«Батырлар туған бақ мекен» зәкірлі жобаның аясында мұражай қызметкерлері Түмен мен Омбы өңірлерінің мұрағаттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде «Жақсының жақсысы Баубек батыр» кітабы, «Баубек батыр» деректі фильмі құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында И.Ильфтің және Э.Петровтың «Золотой теленок» шығармасы бойынша «Великий комбинатор» спектаклінің қойылымы болды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ең жас көрермендерге арналған «Киндер театр» (1 жастан 5 жасқа дейін) инновациялық жоба бар.
Театр жұмысына тірек-қимыл аппараты мен нейропсихиатриялық патологияның бұзылуы бар балаларға бағытталған «Одинаковыми быть нам не обязательно» жобасы қосылды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Валерия Хаджиумаровна Мәскеу қаласында өткен IV Халықаралық камералық музыка фестиваліне қатысты.
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған Үрімші қаласында өткен концертке Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері қатысты.
«Расширяя границы» жобасының шеңберінде республика бойынша облыстық орыс драма театрының Қарағанды, Астана, Рудный қалаларында гастрольдері, Қостанай облыстық орыс драма театрымен тәжірибе алмасу гастрольдері өтті.
15-ші Халықаралық «Мост Дружбы» фестивалінде Йошкар-Ола қаласында (РФ, Мордовия) театр «Заманауи тұлғаның рухани ізденістері тақырыбына айналысқаны үшін» дипломымен марапатталды.
«Шалқыма» халық би ансамблі XXV халықаралық «FolkHarbor — Gorzow 2018» би фестивалінің конкурстық бағдарламасында І орын иегері атанып, «Үздік хореография» аталымы бойынша Польшада өткен фестивальді жеңіп алды.
«Көкшетау» халық би ансамблі Италияда «ХІХ Festival Mondiale del Folclore Giovanile 2018 of Frioli», одан кейін Австрияда өткен «Seeboden» Халықаралық балалар би фестивалінде сәтті өнер көрсетті.
«Полянка» үлгілі би ансамблі Екатеринбург қаласында өткен «Legenda» Тәуелсіз халықаралық би чемпионатының ІІ дәрежелі лауреаты атанды.
Сонымен қатар, «Полянка» би ансамблі «5 звезд» V халықаралық хореографиялық өнер фестивалі-байқауында төрт наградаға ие болды (2 бірінші және 2 екінші орын).
Елбасының жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қол жетімділігін арттыру басты басымдықтардың бірі болып табылады.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық саны 213886 адамды немесе халықтың 28,9 пайызды құрайды, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 1,3 пайызға артық.
14-29 жас аралығындағы жастардың қамтылуы спортпен шұғылданатындардың жалпы санының 53 пайыз немесе 113197 адамды құрайды.
2017 жылмен салыстырғанда спорт құрылыстырының саны 53 данаға артып, 2408-ге жетті, оның ішінде ауылда – 1690.
2018 жылы Көкшетау қаласында жасанды жабыны бар футбол алаңы және жеңілдетілген конструкциялардан жасалған спорт залы, Сандықтау ауданында жабық хоккей корты, 39 спорт алаңы салынды, Есіл ауданында стадион қайта жаңартылды, Астрахан ауданының Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
Щучинск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында күрделі жөндеу өткізілді. Спорт инфрақұрылымын дамытуға кәсіпкерлер мен шаруашылық субъектілері үлкен үлес қосуда.
Сандықтау ауданында инвесторлар қаражаты есебінен 4 нысан пайдалануға берілді: жабық хоккей корты («Максимовское» ЖШС), 2 тренажер залы («СХП 1 мамыр» ЖШС, «Белгородаское» ЖШС) және жасанды жабыны бар спорт алаңы («Байдалы» ЖШС). Салымдардың жалпы сомасы 176 миллион теңгені құрады.
Жалпы, облыс бойынша спорт ғимараттарының құрылысына, жаңартуға және жөндеуге 455 миллион теңге инвесторлар қаражаты тартылды.
Салауатты өмір салтын дәріптеу және насихаттау мақсатында 238761 адам қатысуымен 3707 бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді.
Ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді. Жетінші жыл қатарынан облыста «Ақмола барысы» турнирі өткізіледі.
Аңшы құстармен аң аулау жарыстары жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіледі. Бұл спорт түрі қазіргі кезде көрермендер аудиториясын кеңейтуде және соңғы екі жылда құсбегілер арасындағы турнир халықаралық деңгейде өткізілуде, ол Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден қатысушыларды жинайды. Бұқаралық спортпен қатар облыста жоғары жетістіктер спорты дамытылуда.
2018 жылы «Бурабай» спорт сарайының базасында жаңа мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
29 спорт мектебінде, жоғары спорттық шеберлік мектебі мен Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында 48 спорт түрі дамытылады, оның ішінде 26 олимпиадалық, жаттығатындардың саны – 14974 адам.
Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар: шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, «Оқжетпес» футбол клубының әйелдер және ерлер командалары, футзал командасы, «Синегорье» баскетбол клубының әйелдер және ерлер командалары.
«Оқжетпес» футбол клубының ерлер командасы бiрiншi лига командаларының арасындағы ҚР чемпионатында бірінші орын алып, келесі маусымнан бастап Премьер-Лигаға шықты. «Оқжетпес» әйелдер футбол командасы күміс жүлдегер атанды.
«Арлан» хоккей командасы 2017-2018 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының чемпионы, шайбалы хоккейден құрылық кубогының чемпионы атанды. «Синегорье» әйелдер баскетбол командасы ұлттық лига командалары арасында 2-орын, ерлер баскетбол командасы жоғарғы лига командаларының арасында 3-орын алды. Футзалдан ерлер командасы Қазақстан Республикасының чемпионатында 5-орын алды.
2018 жылы 1-разрядты 153 спортшы, 359 спорт шеберлiгiне үмiткер, 35 спорт шеберi, 8 халықтық дәрежедегi спорт шеберi, 1 еңбек сіңірген спорт шебері даярланды.
18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII Азия ойындарында Ақмола облысының намысын 6 спорт түрінен 8 спортшы қорғады (баскетбол, бокс, велоспорт-шоссе, триатлон, семсерлесу және белбеу күресі). Нәтижесінде Ақмолалық спортшылар 3 медаль жеңіп алды: семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын және қола медаль жеңіп алды, триатлоншы Аян Бейсембаев күміс медальға ие болды. Азия параойындарында пауэрлифтинг жарысында Давид Дегтярев күміс медаль жеңіп алды.
Барлығы түрлі жарыс түрлерінде облыс спортшылары әртүрлі дәрежедегі 1015 медаль жеңіп алды (2017 жыл – 790 медаль).

ЖАСТАР ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТ

Өңірде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жастарды қолдауға, халық бірлігі мен қоғамдық ынтымақтастыққа бағытталған кешенді шараларды жүргізу жалғастырылуда.
Өткен жылы Президент жариялаған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар айқындалды, бұлар – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру.
Облыста тілдерді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Облыс халқының заманауи жабдықтармен жабдықталған 20 оқу орталығында мемлекеттік тілді тегін үйренуге мүмкіндіктері бар, олардың 18-де қазақ және ағылшын тілдеріне оқыту жүргізіледі.
2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың саны 75,7 пайызды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары.
Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінде тәрбиеленетін балалардың саны 2017 жылғы 60 пайыздан 2018 жылы 63 пайызға, орта мектептерде 47,6 пайыздан 48 пайызға дейін өсті.
Латын графикасына көшу мәселелерін түсіндіру бойынша 2 мыңнан аса кездесулер өткізілді. Облыс халқында латын әліпбиінде жазылған Жалпыхалықтық диктант оң көзқарас тудырды, Жалпыхалықтық диктантқа 102,5 мыңнан аса облыс халқы қатысты.
Ең қарқынды және белсенді дамып келе жатқан мемлекеттер жастарға сенім артады, өйткені жастарға жұмсалған еңбек бұл келешекке салым. Бүгінде жастар арасынан шамамен 149 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санынан 20,2 пайызды құрайды.
Жыл сайын мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарын жүзеге асыратын, жастарды қолдау және жан-жақты дамыту үшін жастар саясаты туралы жоспар әзірленіп, бекітіледі.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 7 037 жас, оның ішінде 195 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 733 адам жастар тәжірбиесіне жіберілді.
2017 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздығы 1,3 пайызға төмендеді, NEET жастарының үлесі 6,4 пайызды (ешқайда жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар) құрады.
Ақмола облысында жастар арасынан 4650 адам кәсіби спортпен шұғылданады. Халықаралық дәрежедегі 12 спорт шебері, 35 спорт шебері, 75 спортшының халықаралық деңгейдегі марапаттары, Олимпиада ойындарының 2 қатысушысы бар.
Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастарға қолдау көрсету, облыста сапалы кәсіптік білім алуға ынталандыру үшін жыл сайын облыс әкімінің атаулы шәкіртақылары беріледі.
2018 жылы 275 адам 106 миллион теңге жалпы сомасына облыс әкімінің атаулы шәкіртақысына ие болды. Алғашқы рет медицина факультетінің студенттері – 6 резидент және интерндер атаулы шәкіртақының иегерлері болды. Педагогикалық мамандықтарға түсетін ЖОО студенттері үшін 100 грант және медициналық мамандықтарға 50 грант бөлінді. Грант иегерлерінің жалпы саны 250 адамды құрады. Бұл қолдау 2019 жылы да көрсетілетін болады.
2018 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 410 жас маман 69 миллион теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 1722,6 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алуға кредиттерді 477 маман алды.
Жалпы, облыста жастар саясаты саласында 2018 жылы шамамен 50 000 адамды қамтитын 600-ден астам іс-шара өткізілді. Осындай іс-шаралардың бірі – республикалық «Zeren» жастардың білім беру жазғы лагері, ол Қоғамдық даму, Ақпарат және коммуникация министрліктерімен бірлесіп, республикамыздың әр өңірлерінен 300-ден астам жас көшбасшыларының қатысуымен өткізілді. 2018 жылдың мамыр айында Бурабай кентінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық XIV еңбек маусымының ашылуы өтті, оның аясында барша республикадан «Жасыл ел» жасақтарының үздік өкілдері қатысты, «Жасыл ел» ЖЕЖ жаңа жобалары таныстырылды.
«Үш Би» IV республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді, онда еліміздің барлық өңірлерінен150 студент-интеллектуал жиналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.
Жастар жылы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жос-
парланды:
— «Ақмола жастары» тұрғын үй бағдарламасы әзірленді, оның аясында облыс орталығында 424 жас отбасы үшін 6 тұрғын үй салу жоспарлануда;
— Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында Көкшетау қаласында 2 ЖОО (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті) және 4 колледжде (Жоғары техникалық колледжі, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі) үшін жатақхана салу жоспарланған.
— Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы сомасы 70 АЕК-ден 100 АЕК-ге дейін ұлғаяды;
— жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін, «Жасыл ел» қозғалысының негізінде облыстың барлық аудандарында «Жасыл қала — Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылады (2018 жылы облыста 600 жастар жұмыс істеді);
— «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы басталды, оның аясында идеяларды жүзеге асыруға 1 миллион теңгеге дейін грант алуға мүмкіндік беріледі;
— еріктілікпен белсенді айналысатын жалпы білім беру гранттарында оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшері 30 пайызға көтерілетін болады (облыс бойынша 600-ден астам қатысушы);
— жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында жастарға кәсіпкерлік негіздерге оқыту жүргізіледі.
— бірқатар республикалық және халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарлануда: түркі әлемі елдері жастарының «Түркінің ойлы аспаны» атты форумы, «Zeren» республикалық жастар білім беру жазғы лагері (алғаш рет 2018 жылдың тамыз айында өткізілді), «Жас барыс» атты күрес бойынша республикалық жарыстар, «Үш би» жыл сайынғы облыстық турнир және т.б.
Өңірде жалпыұлттық патриотизмді, өз тарихына, мәдениетіне және халқына деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғастырылады.
«Рухани жаңғыру» аясында 3,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Олардың ішінде ең маңыздысы – «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залының реэкспозициясы, «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық кешенін құру. Қазақстан Респуб-
ликасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Бурабай кентінде Елбасының қатысуымен «Біржан-Сара» операсы қойылды.
Туған еліне көмектесетін меценаттар қолдауының нәтижесінде «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 4,6 миллиард теңгеге әлеуметтік объектілерді салуға және реконструкциялауға бағытталған 81 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды.
Сандықтау ауданында «Свободное» ЖШС директорының жеке салымы нәтижесінде жалпы сомасы 574,826 мың теңгеге 5 жоба іске асырылды.
Целиноград ауданында жалпы сомасы 485,4 миллион теңгеге 7 жоба іске асырылды. «Көкше Жемчуг» ЖШС құрылтайшысы Отаутүскен ауылында 50 орынды бастауыш мектеп салды. Целиноград ауданының «Родина» АҚ директорының бастамасы бойынша дәрігерлік амбулаторияның ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, қажетті медициналық жабдықтармен және мүкәммалмен толық жабдықталған күндізгі стационар ғимараты салынды, орта мектеп реконструкцияланды.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік, Абай Мырзахметов атындағы университеттерінің базасында «Отан тарихы және Рухани жаңғыру» кафедралары ашылды. Мектептер мен колледждерде 43 «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс істейді.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіруге бағытталған жалпы 60 мыңнан астам адамды қамти отырып 500-ден астам іс-шара өткізілді. Бағдарламалық мақала мәтіні бар
1 мың данадан астам брошюралар шығарылды және таратылды, 2019-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру жоспары әзірленіп бекітілді.
Өңірдегі этносаралық қатынастар өзара сенім мен құрмет, сындарлы диалог негізінде жүзеге асырылады, барлық этностардың өкілдері этносаралық келісімді нығайтуға үлкен үлес қосуда.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қолдауымен 52 этномәдени бірлестік, 4 Достық үйі, 7 жексенбілік мектеп өз халқының салт-дәстүрлерін, ана тілін үйренуде белсенді жұмыс істейді.
2018 жылы 2 мешіт (Аршалы және Целиноград аудандарында),
1 православ шіркеуі (Сандықтау ауданында) салынды.
Мемлекеттік басымдықтарды ілгерілетуге және қоғамдық келісімді сақтауға азаматтық қоғам институттары қомақты үлес қосуда.
Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 11 түрлі конфессияны ұсынатын 188 діни бірлестік, 643 үкіметтік емес ұйым тіркелген.
2018 жылы облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен 567,950 миллион теңге (2017 ж. — 468,520 млн. теңге) сомасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 120 (2017 ж. — 92) жобаны іске асырды.
Мемлекеттік органдар жүргізетін жұмыс туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында 90 бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері пайдаланылады.
Газет жолақтарында «Стратегия – 2050», Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы материалдар жарияланады. Оларда біздің көп қырлы өміріміздің барлық жағы көрініс табады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 ақпандағы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік қызметті ұсыну шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендету бойынша нақты міндеттер жүктеді. 2019 жылы 80 пайыз, ал 2020 жылы 90 пайыздан аса мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілуі керек.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің 195 түрі енгізілді, оның ішінде электрондық форматта 96 түрі немесе 49 пайызы қол жетімді.
2018 жылы 3757858 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде – 3147549 қызмет, Мемкорпорация арқылы – 114759 қызмет, қағаз түрінде – 495 550 қызмет. Электрондық форматта көрсетілген қызметтердің көлемі жалпы көрсетілген қызметтер санының 83,7 пайызын құрады.
Порталдың қызметтерін кеңінен танымал ету және азаматтар арасында цифрлық мәдениетті ілгерілету мақсатында Көкшетау қаласында Цифрлық ХҚКО ашылды, онда қызметті электрондық түрде алуға және электрондық қызметті алудың толық курсынан өтуге болады.
Сонымен қатар, көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды, резидент еместерге қызмет көрсету үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сондай-ақ, электрондық қызметтің қол жетімділігін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
цифрлық сауаттылыққа 131 мыңға жуық адам оқытылды;
ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында «E-gov» қол жеткізу бұрыштары ашылды;
облыстың елді мекендерінде 260 баннер орналастырылды;
мобильді азаматтар базасында 267 мыңнан аса ұялы телефон нөмірлері тіркелді;
облыстық «Qazaqstan Koks’e» телеарнасында, танымал әлеуметтік желілерде, ресми интернет-ресурстарында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша бейнероликтер орналастырылды;
76 мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкелері өткізілді;
БАҚ-тарда 1176 түсініктеме беру материалдары жарияланды;
2018 жылғы қаңтарда бала тууына байланысты проактивті қызмет іске қосылды;
білім беру саласында мектепке қабылдау және мектепке дейінгі мекемеге кезекке қою мемлекеттік көрсетілетін қызметтері автоматтандырылды;
агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау бойынша қызмет электрондық форматқа көшірілді;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттану деңгейі орташадан жоғары деңгейде болды және 80,7 пайызды құрайды (ҚР өңірлері бойынша орташа көрсеткіш — 69,8 %).

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Біздің облыс азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметті атқарудың, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін кез келген бұзуларына жедел әрекет етудің сапасына байланысты.
2018 жылы көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу саласында полициямен қоғамдық тәртіп пен әдептілікке байланысты бұзушылықтардың шамамен 60 мың әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды.
Қоғамдық тәртіп күзетінде, 1100 адам жалпы санымен 240 құқықтық бағыттағы қоғамдық құрылымдар белсенді қатысады, олардың арасында 149 «Сақшы» жасақтары, ЖОО, колледждер студенттерінің, білім беру орындарының, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының жас жұмыскерлерінің арасынан 24 жедел-жас-
тар жасақтары, 70 қоғамдық кеңестер, 1606 әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлері бар. Олармен есептік кезеңде 647 қылмыс ашылып, 1261 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Мал ұрлығының саны 5,5 пайызға, пәтерлерден ұрлық 0,3 пайызға төмендеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 271 азамат марапатталды.
Облыстың патрульдік полиция саптық бөліністерінің материалдық жабдықтандыруы жақсарды, олар үшін өткен жылы 59 қызметтік автокөлік сатып алынды, ол мобильдігін және азаматтардың шағымдары бойынша оқиға орындарына уақытылы шығуын жоғарылатты.
Қазіргі уақытта, полиция қызметкерлерімен барлық жол қауіпсіздігі желісі бойынша әкімшілік хаттамалар электронды планшеттермен толтырылады. Жұмысының айқындығын қамтамасыз ету үшін полицейлер 100 пайызға 641 бейнежазба құралдарымен жабдықталған.
Қоғамдық тәртіпті сақтау бөлігінде 1288 камера пайдаланады, оның 1026-сы «Қазақтелеком» АҚ бұлттық бейнебақылау камералары. Көрсетілген шаралар көшелердегі қылмыстардың санын 2,4 пайызға, қоғамдық орындарда 3,1 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.
Маскүнемдік пен тұрмыстық озбырлықтың алдын алу мақсатында Щучинск пен Степногорск қалаларында 15 төсек-орынға, Ерейментау-
да 3 төсек-орынға, Целиноград ауданына қызмет көрсететін Астана қаласында 3 төсек-орынға арналған дағдарыс орталықтары ашылды, былтырғы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа түскен 95 тұлға орналастырылды. Осындай орталықты Көкшетау қаласында ашу мәселесі қарастырылуда.
Облыс аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, мас күйіндегі және отбасылық-тұрмыстық саласында жасалған қылмыстарды төмендетуге бағытталған жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде адам өлтіру саны 13,3 пайызға, зорлау 26,7 пайызға, сондай-ақ мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 1,4 пайызға төмендеді.
Балалық шақты қорғау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу шеңберінде тұрмыстық зорлық мәселелері бойынша еңбек ұйымдарында дөңгелек үстелдер өткізілді, «Аналық пен балалықты қорғау» тақырыбына оқу орындарында лекциялар ұйымдастырылды. Тұрақты негізде білім беру органдарымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде болу мәніне рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Нәтижесінде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны 9,1 пайызға төмендеді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, патрульдік полицияның автомобильдік патрульдеу экипаждарымен жүзеге асырылады.
Алдын алу шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 5,9 пайыз (2017ж. 579-дан 2018ж. 545-ке дейін), оның ішінде ЖКО-ның барысында қаза тапқандар 30,4 пайыз (2017ж. 135-тен 2018ж. 94-ке дейін), жарақат алғандар 12,9 пайызға төмендеді.
Облыс орталығында Горький-Уәлиханов, Горький-Әуелбеков, Горький-Әуезов, Уәлиханов-Кенесары, Уәлиханов-Юбилейный, Абылай хан даңғылындағы «Жәрдем» автокөліктерге жанармай құю станциясы орналасқан көше қиылыстарында автоматтандырылған режимде 6 жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалды жүйелер жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы автокөліктердің қозғалысы кезінде мемлекеттік нөмірлерін оқу жолымен, іздестірудегі көлік құралдарын тоқтату зияткерлік бағдарламалардың жүйесін, тіркелген бұзушылықтар туралы мәліметтерді процессинг орталығына жолдау мүмкіндігі бар, жол қозғалысының саласында автоматтандырылған режимде құқық бұзушылықтарды анықтайтын кешендер енгізу жоспарлануда.
2018 жылы қойылған міндеттерді орындау үшін полицияның саптық бөлімшелерімен 106 мобильдік радиостанция, 100 тасымалдайтын бейнетіркегіш, бейне деректерді оқитын 1 бағдарламалық-аппараттық кешені, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру үшін 135 электронды планшет, амунициясымен қызметтік 30 ат сатып алынды, Бурабай ауданының полиция бөлімінде ат ауласы салынды.

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және басқа да стратегиялық құжаттарға сәйкес 2019 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

1. Өнеркәсіп саласында экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігін арттыру арқылы индустриялық өсудің жаңа орындарын құру.
374 жұмыс орнын ашу арқылы 9 миллиард теңге инвестиция сомасына Кәсіпкерлікті қолдау картасының 3 жобасын іске қосу, Картадан тыс 18,5 миллиард теңгеге 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
2. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі міндеттер:
— егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберінде басым дақылдар алқаптарын ұлғайту;
— суару алаңын 24 мың гектарға дейін ұлғайту;
— мал шаруашылығы саласында жалпы табындағы асыл тұқымды ірі қара мал басының үлес салмағын арттыру, мал бордақылау алаңдарын 60 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру;
— өңдеу кәсіпорындарының жүктелуін (ет бойынша – 75 пайызға дейін, сүт бойынша – 65 пайызға дейін) және қайта өңделген өнім экспортын ұлғайту;
— Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуі шеңберінде 10 инвестициялық жобаны іске асыру;
— Астана қаласына сүт өнімдерін (113,6 мың тонна), ет және ет өнімдерін (28,6 мың тонна), тағамдық жұмыртқаны (276,5 млн. дана) жеткізу бойынша жұмыс жүргізу.
3. 2018 жылғы деңгейден төмен емес, оның ішінде мемлекеттік — жекеменшік әріптестікті дамыту арқылы негізгі капиталға инвестициялар тарту.
4. Тұрғын үйді пайдалануға беру 501,9 мың шаршы метрден кем емес деңгейде жоспарлануда.
2019 жылы 32 көппәтерлі, 20 жалға берілетін (Көкшетау, Макинск, Державинск, Атбасар қалаларында, Жақсы, Егіндікөл, Зеренді, Шортанды кентінде, Қосшы ауылында) және 12 кредиттік (Көкшетау қаласында) тұрғын үй салу жоспарлануда. Облыс орталығында Көкшетау қаласының аула аумақтарын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылады (Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшелері шегінде).
5. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткізуді арттыру мақсатында 2019 жылы 10 елді мекенде 13 жобаны аяқтау жоспарлануда. Облыс бойынша қалалар мен ауылдарда барлығы 649 шақырым сумен жабдықтау, 159 шақырым су бұру желілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда.
6.Тауарлар мен қызметтерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру.
7. Қолда бар мемлекеттік қолдау құралдарын белсенді пайдалану жолымен шағын және орта бизнесті дамыту.
8. Туризм саласында негізгі міндеттер:
— туристік дестинациялар мен объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету (Щучинск-Зеренді автомобиль жолының құрылысын аяқтау);
— ішкі туризмді дамыту үшін туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету (нысандарды сертификаттау, қызметтерге бағаны төмендету);
— ішкі және халықаралық нарықтарда өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету (әлеуметтік желілер арнасын іске қосу);
— туризм саласындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларды іздеу және тарту бойынша жұмыс;
— Қазақстан өңірлерімен және Ресей Федерациясының шектес аумақтарымен (батыс-сібір өңірі) ынтымақтастықты кеңейту.
9. Білім беру саласындағы негізгі міндеттер:
— 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткізу;
— мектептердің 4, 9 және 10-сыныптарының білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуін қамтамасыз ету;
— еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды сапалы даярлау.
2019 жылы 464 мектепке дейінгі ұйымды және ауылдық жерлерде орналасқан 457 жалпы білім беретін мектепті қосу жоспарлануда.
10.Денсаулық сақтау саласы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады:
— емдеу, диагностикалық және алдын алу іс-шараларының сапасын арттыру;
-әлеуметтік маңызы бар ауруларды және олардан өлімді төмендету;
— заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау;
— дәрігер кадрларының тапшылығын төмендету.
2019 жылы ауылда 15 жедел жәрдем пунктін ашу жоспарланды.
11. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер:
— өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың белсенді шараларына тарту;
— бірыңғай жиынтық төлем бойынша кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын енгізу;
-бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жариялай отырып, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
— барлық санаттағы мүгедектер үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бейімдеу іс-шараларын өткізу;
— азаматтардың демалуына арналған саябақтар, скверлер және басқа да ашық аймақтардың мүмкіндігі шектеулі адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік мәніне түгендеу жүргізу;
— мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру бо-
йынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі өңірлік Жол карталарын бекітуді қамтамасыз ету;
— көзделген қаражат шегінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
— жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыз деңгейінде сақтау.
12. Спорт саласындағы міндеттер:
— заманауи спорт алаңдарын кеңейту;
— дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамтуды 29 пайызға дейін ұлғайту;
— кешенді республикалық іс-шараларға қатысу: қысқы Жастар ойындарына, жазғы спартакиадаға, параолимпиялық ойындарға, ұлттық спорт түрлері фестиваліне.
13. Ішкі жастар саясаты саласында азаматтық қоғам институттарын одан әрі серпінді дамыту, қоғамдық келісімді қолдау, қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшу мәселелерін түсіндіру жөніндегі әртүрлі форматтық іс-шаралар өткізу жұмыстары жалғастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылуында берген тапсырмаларын ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылы жоспарланды:
— Көкшетау қаласында «Айналайын» қазақ халқына алғыс монументінің ашылуы;
— көрнекті тарихи тұлғалардың есімдерімен байланысты Қазақстан мен өңірдің киелі объектілерін зерттеу және танымал ету бойынша «NomadResearch» инновациялық ғылыми-зерттеу жобасын енгізу;
-Көкшетау-Астана трассасы бойында «Ұлы даланың ұлы есімдері» аясында 5 ескерткіш орнату: Ақан сері, Қажымұқан, Балуан Шолақ, Біржан сал, Кенесары;
— «Латын графикасы – Рухани жаңғырудың негізгі бағыты» жобасын ілгерілету.
2019 жылы Көкшетау қаласында 2 мешіт (1 – Көкшетау қ., 1 – Степногорск қ.) және православиелік шіркеудің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
14. Степногорск моноқаласының даму әлеуетін одан әрі арттыру.
15. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жедел мониторингі және облыс тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну мақсатында Smart Aqmola бірыңғай интеграциялық тұғырнамасын енгізу (мобильдік қосымша және облыстың Web-порталы).

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *