Қазақстанда мобильдік телефон нөмірімен мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі іске қосылды

Қазақстанда «Suńqar» мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі жұмыс істей бастайды. 2018 жылғы қыркүйектен бері жүйе шектеулі тұлғалар арасында пилоттық режимде тестілеуден өтті.
«Suńqar» жүйесі қатысатын түрлі банктер клиенттерінің арасында Қазақстан бойынша мезеттік төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жеке тұлғалар арасында ақша аудару үшін қарапайым да қолайлы сәйкестендіруші – мобильдік телефон нөмірі пайдаланылады, оны кез-келген ақы төлеу көзі – төлем карточкасына, ағымдағы банктік шотқа, электрондық әмиянға байланыс-
тыру қажет.
«Suńqar» жүйесіндегі қызметтерді Қазақстан банктері өздерінің мобильдік қосымшалары немесе Интернет-банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мезеттік төлемдер жүйесі арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) және «Еуразиялық Банк» АҚ қызмет көрсетеді. 2019 жылы 10-нан аса екінші деңгейдегі банк жүйеге қосылуды жоспарлап отыр. Жаңа қызмет осы банктердің мобильдік қосымшаларында және қашықтан қызмет көрсету жүйелерінде өздерінің ішкі жоспарына сәйкес ақпараттық жүйелерінің пысықталуына қарай пайда болады. Мезеттік төлемдер мен аударымдар бойынша клиенттерге арналған тариф саясатын банктер дербес айқындайды.
Бірінші кезеңде «Suńqar» жүйесінде жеке тұлғалар арасында ақша аударуға (P2P аударымдар), оның ішінде түрлі қатысушы банктердегі өз шоттары (салымдар, брокердегі инвест-шотты толықтыру және басқалары) бойынша жүргізуге болады. Жүйеде көрсетілетін қызметтердің дамуына қарай заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қызмет көрсететін банктері арқылы да арнайы жабдықты орнатпай-ақ тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін өз пайдаларына мезеттік төлемдерді қабылдауды, жеке тұлғалардың пайдасына мезеттік төлемдер жүргізе алады. Атап айтқанда, «Suńqar» жүйесі арқылы QR-кодтарды* сканерлеу арқылы мобильдік телефонмен бөлшек саудада есеп айырысуға болады.
Қазақстанда мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін енгізу халыққа және бизнес субъектілеріне төлемдерді қолжетімді ақы төлеу құралы мен қашықтан қол жеткізу арналары арқылы кез-келген жерде, кез-келген уақытта төлемдер жүргізудің әмбебап алаңын жасауға бағытталған.

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *