Құрмет пен ізет

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында тұратын соғыс ардагері Асылбек Дәулетовті және Кеңес Одағының Батыры

Андрей Остапенконың жесірі Мария Остапенконы үйлеріне барып Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтап шықты.

Қарт майдангердің бірі – көкшетаулық Асылбек Дәулетов 1943 жылы 18 жасында соғысқа аттанып, қанды қырғынның бел ортасынан қайтты. Әуеден шабуыл жасаудың қыр-сырын Мәскеуде меңгеріп, Карелия, Украи-
на түбінде жаумен шайқасты. Екі мәрте «Ерлігі үшін», сондай-ақ, «Будапешті алғаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін Асылбек Жәзиұлы партия-кеңес орындарында жемісті қызмет көрсетті.
Кеңес Одағының Батыры Андрей Остапенконың жесірі Мария Остапенко соғыс жылдары қару-жарақ шығаратын Подольскі әскери зауытында еңбек етті. Бейбіт өмірде кітап саудасы, емханада дәрігерлік қызмет көрсету салаларында қызмет етті.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ардагерлермен еркін отырып, әңгімелесіп, хал-жағдайларын сұрап білді. Сонымен бірге, облыс бойынша әлеуметтік экономикалық салада атқарылып жатқан істер жайында ардагерлерді хабардар етті. Қос ардагер облыс басшысына ризашылықтарын білдірді.
Өңір басшысы қалалық ардагерлер кеңесінде «Ақбұлақ» және шахмат клубтарының жұмысымен танысып, ардагерлермен әңгімелесті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар