9 мамыр – Ұлы жеңіс күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауы

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен – ұлылығы мәңгілік көнермейтін мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау айрықша күн барлық қазақстандықтарды ең қатыгез және қанды соғыстың шайқас алаңдарында қалған боздақтарды еске алу, біздің халқымыздың ержүректілігі мен табандылығына деген мақтаныш сезімі біріктіреді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі…» деген болатын. Біздің басты парызымыз – қаһармандық ерлік туралы қастерлі сезімді сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, біздің балаларымыз бен немерелерімізге Ұлы Жеңіс жолында өз өмірін құрбан еткендер және әлемді фашизмнен сақтап қалған халқымыздың ерлігі мен табандылығы туралы айтып отыру болып табылады.
Құрметті ардагерлер, Сіздерге шын жүректен қайтпас рух, бақыт және сәттілік тілеймін! Сіздерді мұң мен келеңсіздіктер айналып өтетін болсын, жақындарыңыздың жомарт жүрегі сіздердің өмір жолдарыңызды жылытып тұрсын.
Мерекелеріңізбен, қадірлі ақмолалықтар! Сіздерге ашық та бейбіт аспан, дархан көңіл, өзара түсіністік, игі істер, сәттілік және отбасылық бақыт тілеймін! Қазақстан аспаны әрдайым ашық болсын және біздің еліміз, біздің халқымыз өркендей берсін!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері,
тыл еңбеккерлері! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді шын жүректен бәріміз үшін ең қымбатты мереке Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Өзінің Отанына деген ержүректіліктің, мықтылықтың және сүйіспеншіліктің мысалы ретінде жерлестеріміздің мыңдаған от кешкен тағдырларын айтуға болады. 90 мыңнан астам ақмолалық барлық кеңес халқымен бірге майданға аттанды. Біз әрдайым соғыста қаза тапқан, тірі келгендерді мәңгі есте сақтаймыз.
Ерліктеріңіз бен ержүректіліктеріңіз, өшпес қаһармандылықтарыңыз үшін Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер!Ұрпаққа үлгі болғандарыңыз, үлкен адами тәжірибелеріңіз, сондай-ақ, біздің өз елімізде тұруға құқығымызды қорғағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Шын жүректен Сіздерге денсаулық, сергектік пен ұзақ өмір тілеймін. Әрқайсыңыз қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөлене беріңіздер!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар