Кәсіпкер пәтер сыйлады!

Целиноград ауданындағы Қосшы ауылындағы «Шоколад» тұрғын үй кешенінен көп балалы Қарабаевтар отбасына кәсіпкер

Жандар Садықов жаңа пәтер сатып әперіп, жеті балалы шаңырақты үлкен қуанышқа бөледі.

– Қарабаевтар отбасын баспаналы болуымен құттықтаймын! Жаңа пәтер отбасына бақыт және құт әкелсін! Шынымды айтсам, бір отбасына қуаныш сыйлай алдым деп ойлаймын, – дейді Жандар Садықов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол сондай-ақ, «#жақсылық жаса» жобасы аясында өзге де мұқтаж отбасыларына сый жасауды жоспарлап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *