Үмітті болашақтың жастары

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы ақмолалық жастарға да тың серпін берді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің бір топ белсенді жастарымен кездесіп, іс-шара барысында Жастар жылы атқарылар ауқымды істер әңгіме арқауына айналды.

Депутат өңір жастарының «Жас-тар жылы» жөніндегі ой-толғамдары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, халық қалаулысы еліміздің алдағы даму барысында жастарға үлкен үміт артып отырғандығын, жастар саясатында Елбасы жүктеген өзекті мәселелерге барынша мән беру қажеттігін атап көрсетті. Әңгіме барысында «Ақ жол» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл партияның жастармен бірге көптеген іргелі іс-шараларды атқару туралы ойларымен бөлісті.
Өз кезегінде қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Анар Белгібаева депутаттың жастармен кездесу өткізуіне алғысын білдіріп, жастар ұйымдарының өңірдегі іргелі істерге белсене араласуға дайын екенін жеткізді. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Сауда Пласт» ЖШС директоры Ғалымжан Көпішев жастарға шағын және орта бизнесті дамыту, еліміздегі нарықтық экономиканың дамуы жайлы ойларын ортаға салды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *