«Adaldyq alany»

адалдық дүңгіршегінің ырысы

Шортанды ауданы Бозайғыр ауылындағы №5 Агротехникалық колледжінде «Адалдық дүңгіршегі» ашылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды сатып алып, кассалық жәшік арқылы есеп айырысатын болады.

Енді, өзіне-өзі қызмет көрсету дүкенінде сатушы болмайды. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында. Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша бұл мекен студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ.
«Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің бағыттарының бірі балалар мен жастардың моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған «Integrity Shop» адалдық дүкендерінің ашылуы болып табылады. Аталмыш жобаның бастамасын Ақмола облысының №5 Агротехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары белсенді қолдады. Осының нәтижесінде колледжде «Адалдық дүңгіршегі» жұмыс істей бастады. Жақын арада Ақмола облысының бірқатар колледждері мен мектептерінде осындай дүңгіршектер ашылады деп жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *