Жас ұландар – сапта!

Мереке қарсаңында Жарқайың ауданының орталығында дәстүрлі саптық ән байқауы болып өтті.
Байқауда аудан әкімінің орынбасары Гүлжан Байегізова жиналғандарды осы мерекемен құттықтап, жастар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген Ғазиз Жолдыбаевқа, Марат Омаровқа, Игорь Храпакқа аудан әкімінің атынан Құрмет грамотасын табыс етті.
Ауған соғысының ардагері Вячеслав Рагойжа әскерге шақырылған жастарды құттықтап, естелік сыйлықтарын тапсырды.
Салтанатты шараның соңында жас өрендер Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, батыр бабалардың ерлігіне тағзым етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар