Қоғамдық штаб өз жұмысына кірісті

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб өз жұмысын бастады.

Жиында облыстық партия филиалының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі штабтың басшысы Ғалым Бекмағамбетов БАҚ өкілдерін өз жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Бүгінде Ақмола облысы бойынша 1500-ден аса сенімді өкілдер мен 1 аймақтық және 19 аумақтық, барлығы 20 өңірлік қоғамдық штаб жұмыс істейді. Кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің сенімді өкілдерімен қабылдау жүргізіледі. Сенім білдірілген өкіл Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстыру үшін сайлаушылармен кездесулер өткізеді және қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға осы жайында тиісті ұсыныстар мен нұсқаулықтар ұсынылады.
Кандидаттың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ғимаратында орналасқан: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 117, 1-қабат, 5-бөлме, байланыс телефоны: 25-63-93.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдауында ақмолалық тұрғындар еліміздің алдағы президент сайлауына белсене қатысады деп үміттенуде.
Бұл күні облыстық қоғамдық штабтың ашылуынан соң, оның төрағасы Ғалым Бекмағамбетов азаматтарға қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Көкшетау қаласының тұрғыны Зара Бекішева қамқорлығында туған сіңлісінің ата-анадан айырылған екі ұлын тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Жиырма жастағы Рустам мен он сегіз жастағы Әлішердің мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғанын, олардың қашан пәтерге қол жеткізетінін қинала баяндады. Өз кезегінде Ғалым Бекмағамбетов ата-анасынан ерте айырылған екі ұлдың тұрғын үй кезегін анықтай келе, үлкені Рустамның биылғы жылы пәтер алуға мүмкіндігі мол екенін айтты. Қоғамдық қабылдауға келген екінші адам – Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлмира Құзбаева да екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Бір баласы сал ауруына шалдыққанын, оның үстіне пәтерсіз өмірдің қиындығын арқалап келе жатқанын айтып, көмек сұраған оның мәселесі заң бойынша қарастырылатын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар