Бірыңғай әлеуметтік терезе

«Халыққа көмек» партия жобасының шеңберінде «Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында аптаның

әрбір бейсенбісінде «бірыңғай әлеуметтік терезе» жұмыс істейді. Қабылдауға әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру бөлімдерінің өкілдері шақырылады.
Әрбір хабарласқан отбасының өз тарихы, проблемалары мен өтініштері бар. Үлкен отбасын ұстап, жоқ-жітігін түгендеу оңай емес. Жәрдемақы жетпейді, көбінің тұрақты баспанасы да жоқ.
Әңгіме барысында осындай көмек-қолдауға мұқтаж әрбір жанның тілегі тыңдалып, бөлім басшылары мәселені бірден бақылауына алады. Кейбіреулеріне азық-түлік тағамдары, отын, балалардың керек-жарағымен көмектесіп, мәселе жылдам шешуге ауырлау тисе, қолында мүмкіндігі бар шағын бизнес өкілдерінен қолдау сұралады. Есіл қаласының бірқатар дүкендерінде азық-түлік тағамдарын жинау жөнінде қайырымдылық себеттерінің орнатылғаны да іске әжептәуір септігін тигізуде.
«Бірыңғай әлеуметтік терезенің» ыңғайлылығы сол, оған ақыл-кеңес алуға немесе республикалық бюджет, жергілікті билік тарапынан берілетін тиісті көмек жайында білуге кез-келген адам хабарласа алады. Жуырда Есіл аудандық мәслихатының хатшысы, Ақмола облыстық саяси кеңесінің мүшесі С.К.Ағымбаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, келгендерге заңмен тиесілі бірқатар көмек-қолдаулар туралы түсінік берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар