Атаулы әлеуметтік көмек. Ол кімдерге тиесілі?

Біз осы сауалды Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжановаға жолдап, мынадай жауап алдық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде: – «Менің нұсқауларым бойынша партия бүгінгі таңда біздің азаматтарымызға қатысты мәселелерге байланысты талдау жүргізілді, деген болатын. Олардың арасында балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және басқалары бар.
Осыған байланысты Тұңғыш Президент атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70 пайызы –14 849-дан 20 789 теңгеге дейін ұлғайтылды. Осындай көмекті алуға құқығы бар аз қамтылған отбасыларға мақсатты қолдау көрсету үшін әрбір балаға ай сайын 20789 теңге төленуі тиіс.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Ақмола облысында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары АӘК-ті тағайындау үшін 3 764 жаңа өтінімдерді қабылдады. Сондай-ақ, жаңа өлшемдерге негізделген төлемдер сомасына байланысты бұрын атаулы әлеуметтік көмек алған 768 отбасының кірісі қайта есептелді.
Бүгінгі күнде 4 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. Мұндай отбасылардың арасында Астрахан ауданынан көп балалы отбасы ретінде 8 бала тәрбиелеп отырған Зағипа Абдуллаева мен Айбек Жүсіповтың үлкен отбасы бар. Қазір жұмыс істеп келе жатқан ұлы баласын қоспағанда, әрбір балаға 20 789 теңге көлемінде ай сайынғы төлем тағайындалып, 140 мың теңге алады. Астраханка ауылынан Кречун отбасы бес баласына мемлекеттен айына 100 мың теңгедей алады. Бұл отбасында ата-ана жұмыс істейді, бірақ, ауылдағы жалақы аз болғандықтан, жан басына шаққандағы табыс бір адамға 20 789 теңгеден аспайды. Сондай-ақ, АӘК 7 баланың анасы Асемгүл Жармановаға, Көкшетау қаласының тұрғыны төрт баланың әкесі Бауыржан Ержановқа және тағы басқалар тағайындалды.
Айта кетейін, өткен жылдың сәуір айындағы кезеңімен салыстырғанда, АӘК алатын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар саны 18 есеге, яғни, 214 отбасыдан 3,8 мың отбасыға дейін өсті. Тиісінше, төлем сомасы айына 37,3 миллион теңгеден 335,4 миллион теңгеге дейін.
Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 2,7 миллиард теңге қарастырылған.
Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекке өтінімдер келіп түсуі жалғасуда. Ақмола облысында 13 мамыр күні бойынша тағы 355 өтініш келіп түсті. Олардың 92-сі қазірдің өзінде шешілген, қалғандары өңдеу сатысында қаралып жатыр.
Мамыр айында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген және мақұлдау алған үміткерлерге маусым айының басынан төленетін болады.
Қорытындылай келе айтарым, атау-лы әлеуметтік көмек көрсету арқылы адамдардың өмірлік қиын жағдайларынан алып шығу болып табылады. Өйткені, бұл көмектің арқасында еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасудың, оқытудың, қайта даярлаудың, кәсіпкерлік негіздердің, микрокредиттің және басқа да шаралардың белсенді түрлері ұсынылады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Құрметті «Арқа ажарының» оқырмандары! Егер сізді әлдебір мәселе толғандырып, ойландырып жүрсе, осы орайда нақтылы қояр сұрағыңыз болса соны редакциямызға жолдауыңызға болады. Біз өз тарапымыздан сіздің сол сауалыңызды тиісті орындарға жолдап, солардың жауаптарын алып жариялап отырмақшымыз. Сауалдарыңызды «Қазпошта» арқылы мына мекен-жайға: 020000. Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 7 үй «Арқа ажары» редакциясына және arka_kokshetau@mail.ru электрондық пошта арқылы да жолдауларыңызға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар