Президенттікке кандидаттар – ел ішінде

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің атынан Президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің сенім білдірген өкілдері Көкшетау қаласындағы қоғамдық келісім сарайында сайлаушылармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Елорданың «Жетісу» саябағында үміткерді қолдаған студенттер мен мектеп оқушылары, спортшылар экологиялық акция ұйымдастырды. Үміткердің өзі жастардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін білу мақсатында түнгі клубтарға рейдке барды.

***

Атырауда «Ақжол» демократиялық партиясының үміткері Дания Еспаеваның штабының жастармен кездесуі болып өтті. Кездесу «Зенит» мәдениет үйінде болып, оған облыстағы үш жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Одан әрі, Дания Еспаева Қостанай, Атырау облыстарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Үміткердің сенім білдірген өкілдері Маңғыстау облысында жастармен кездесті.

***

«Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Екібастұз қаласындағы Қазақстан электролиз зауытында болып, еңбек ұжымымен және партия белсенділерімен кездесті. Сонымен бірге, Қарағанды облысының Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы өндіріс орындарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесулерде үміткердің сайлауалды бағдарламасы жайында айтылып, таныстырылды.

***

Қазақстанның халықтық коммунистік демократиялық партиясының үміткерінің штабы Пионерлер күні құрметіне автошеру ұйымдастырды. Ал, Президенттіктен үміткер Жамбыл Ахметбековтың өзі Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы өкілдерімен кездесіп, өзінің сайлау-
алды бағдарламасы туралы жан-жақты айтып берді. Халықаралық ұйым өкілдері үміткердің сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу барысы жөнінде сұрақтар қойып, толымды жауап алды.

***

Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының адам құқығы жөніндегі бюросының өкілдері «Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосановтың штабында болды. Үміткер қонақтарға сайлауалды бағдарламасы жайлы айтты. Үміткердің сенім білдірген өкілдері Ақмола облысының Краснояр селосының жанындағы «Нұрлы көш» шағын ауданында және Қарағанды облысының Үштөбе қаласында болып, сайлаушылармен кездесулер өткізді.

***

«Ауыл» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Төлеутай Рахымбеков Қазақ агротехникалық университетінде «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының кепілі» атты дөңгелек үстел шарасын өткізді. Сондай-ақ, штаб өкілдері Степногорск, Тараз қалаларында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Үміткердің өзі Қарағанды облысында өткен «Жастар – сенім мен серпін» форумына және Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған «Жас келсе – іске» шарасына қатысты.

***

Кәсіподақтар кандидаты Амангелді Таспиховтың сенім білдірген өкілдері О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде, Шығыс Қазақстан облысының Біртұтас ұлттық зейнетақы қорында болып, үміткердің сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді. Үміткердің өзі Қарағанды облысында өткен жас-тар форумына қатысты және Нұр-Сұлтан қаласындағы онкологиялық орталықта болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар