Үш құрбы: Ләззат, Әсем, Бибігүл!

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында қолдары жеңіл, өз жұмыстарына жетік, тәжірибелі қызметкерлер шоғырландырылған.

Олардың арасында сонымен бірге, жұмыс десе лыпып тұратын жас мамандар да бар. Осы сабақтастық үйлесе келе, аурухана қабырғасында науқастардың дұрыс ем қабылдауына игі септігін тигізуде.
Емдеу орнының неврология бөлімшесінде медбике болып қызмет атқаратын Бибігүл Тоқтарқызы Оспанованың осы саладағы еңбек өтілі отыз жыл. Бөлімшеде 27 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Ләззат Қайыртайқызы Нұрланованың да жұмыс тәжірибесі осы әріптесімен жедеқабыл. Ал, 25 жылын осы салаға арнап, бүгінде аға медбике ретінде әріптестері мен науқастар алдында жауапкершілік жүгін жете сезінген Әсем Тұрсынқызы Жетеева да әрдайым өз жұмысына сергек.
Өздерінің жұмыс орындарында елгезектік танытып, науқастар ілтипатына бөленген үш медбике де осылайша міндеттерін адал атқаруды, сөйтіп, медицина қызметкері деген жоғары атқа сай болуды басты парыздары санайды.

Суретте: (солдан оңға қарай) бөлімшенің тәжірибелі медбикелері Ләззат Нұрланова, Әсем Жетеева және Бибігүл Оспанова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар