Еңбек адамы

Жанболат Ағысқан жастайынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуді армандаған еді. Мектептен кейін Краснояр селосындағы ауыл шаруашылығы колледжінің механикаландыру бөлімін бітірді.

Колледж бітірген Зеренді аумағында орналасқан «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек жолын бастады. Ол бірден шет елдік жаңа техника тізгінін ұстап, еңбекке араласты. Қазіргі күні тәжірибелі механизатор екі баланың әкесі, кәсіби шеберлігін ісімен дәлелдеуде. Өзіне сеніп тапсырылған «Инвер» тракторын күтіп ұстағандықтан, техника тоқтаусыз жұмыс істейді. Осыған орай, еңбек өнімділігі де жоғары. Ол өз тәжірибесін жастарға үйретуден де жалыққан емес. Ұжымда оны өз ісін жақсы білетін білікті маман ретінде сыйлап,
құрметтейді.
Суретте: Жанболат Ағысқан.
Суретті түсірен
Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар