«Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім»

Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған «Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім» атты этномәдени бірлестіктердің форумы болып өтті.

Форумға этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Этномәдени бірлестіктердің форумы барысында кандидаттың сенімді өкілдері «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Чуваш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Мащинская, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шарада кандидаттың сенімді өкілі Елена Мащинская «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған Президенттікке кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдауға қатысты «Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім» атты жалпыреспубликалық электоралды акциясына бастамашылық ету туралы мәлімдеме аясында Ақмола облыстық мәдени бірлестіктерінің үндеуін оқыды. Үндеуде еліміздің жан-жақты дамуына, қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытын жалғастырушы ретінде Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылды.
Форум соңы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар