Жас офицерлерге сәт сапар!

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында өткен Көкшетау техникалық институтының биылғы түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі, жас офицерлерге «Оқу орнының үздігі» төсбелгілері мен дипломдарын салтанатты жағдайда табыс етті.

Биыл Көкшетау техникалық институтын адамдарды қауіп-қатерден сақтап, ұлттық байлықты қорғап, төтенше жағдайдың алдын алу шараларын қамтамасыз ететін бiлiктi мамандардың қатарына қосылатын 114 түлек бiтiрдi. Олардың жетеуі Қырғызстан Республикасының азаматтары.
Азаматтық қорғау органдарының жас офицерлерінің кезекті шығарылымы кезінде құттықтау сөз алған облыс әкімі Ермек Маржықпаев кәсіби тұрғыда нағыз құтқарушы ретінде қалыптасып, институтты табысты аяқтап, бірінші офицерлік атақ алып отырған жастар ұлы дала елінің ұлан-ғайыр аймағын төтенше жағдайлардан қорғап, тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне үлкен үлес қосатындығына сенім білдірді. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде инс-титут азаматтық қорғау саласында білім қызметін табысты жүргізуші жоғары оқу орны дәрежесіне көтерілгенін салтанатты шарада сөз алған басқа да мәртебелі меймандар кеңінен атап өтті. Осы мерзімде институтты 4890 маман бітіріп шыққан. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитетінің 3661 қызметкері оқу орны қабырғасында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Бұл күні Тәуелсiздiк алаңына институт ұжымы ғана емес, оқу орнында еліміздің түпкір-түпкірінен және Қырғызстаннан келіп білім алған түлектердің ата-аналары да көптеп жиналып, диплом тапсыру салтанатын тамашалады. Түлектер институттың жауынгерлiк туымен қоштасу рәсiмiн және дәстүрлі вальс биін орындады. Аспанға жоғары оқу орнымен қоштасу және жаңа өмiрге қадам басқандықты бейнелейтiн шардан жасалған курсанттық погон композициясы ұшырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар