Балаларды ізгілікке баулыған

Көкшетау қаласына ерекше көрік беріп тұрған Науан xазірет мешіті жаз қызығы басталғалы бері бүлдіршіндердің шуақ күлкісінен бір арылған жоқ. Мұнда «Имани жаз – 2019» жазғы сауат ашу курсы жұмыс істеді.

Көкшетау қаласының екі жүзге тарта балалары осында имани білім алып, сауаттарын ашты. Оларға мешіттің он екі ұстазы дәріс берді.
Жуырда жазғы сауат ашу курсының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бүлдіршін шәкірттерді облыс имамы міндетін атқарушы Мырзабек Азатxан құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Одан әрі сауат ашу курсының негізінде арнайы өткізілген тест нәтижесі бойынша үздік білімдерін көрсеткен бір топ шәкіртке әртүрлі бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мұндай сыйлықтар қаланың барлық мешіттері атынан ұсынылды. Ал, сауат ашу курсына үзбей қатысқан Абай есімді шәкіртке облыс имамы Қуаныш Сәбиттің арнайы сыйлығы тарту етілді. Осындай ізгі шаралар балалардың тәрбиесі мен тазалығына, бос уақыттарын тиімді пайдалануына әрі ата-аналарында алаңсыз еңбек етуіне мол мүмкіндік берді.
«Имани жаз – 2019» жазғы сауат ашу курсында білім алған шәкірттерге сертификаттар беріліп, тәттілер таратылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар