Жасыл орманды өрт шалмасын

Орман – біздің Отанымыздың негізгі табиғи байлықтарының бірі. Орман дәрілік өсімдіктер, оттегі және басқа да көптеген көздердің негізі. Орман жер бетіндегі тіршілік нәрі, сондықтан, біздің міндетіміз оны адамдардың заңсыз ағаш кесуі мен ұрлауынан, өрт қаупінен сақтау.

Орман өрттерінен кейін әлсіз ағаш құрамдарына орманның зиянды жәндіктері орналасады және олар тез көбейеді, содан кейін көршілес сау екпелерге ауысып, оларды бүлдіреді және құнсыздандырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2019 жылғы 20 наурыздағы «2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес Ақмола облысы бойынша өрт қаупі маусымы 12 сәуір күні басталды. Осыған байланысты әр азамат ормандарда өрт қауіпсіздігі және санитарлық талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын білуге тиісті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 341-бабына сәйкес орманды жою немесе зақымдау:
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан жою немесе зақымдау, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе, 2000 АЕК (1 айлық есептілік көрсеткіш 2525 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт жою жолымен немесе өзге де жалпыға бірдей қауіпті тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан жасалған қасақана жою немесе зақымдау 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзу:
1. Жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттің шығуына, адамның ден саулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірілмесе, жеке тұлғаларға 25 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға 100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дәурен ЕРЖІГІТОВ,
Ақмола облыстық
орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар