Даму көрсеткіштерінің қарқынын арттыру – басты міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерін

талқылау бойынша облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен актив жиналысы болып өтті. Актив жиналысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Б.Бәйімбетов қатысты.

Бұл актив жиналысына аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық келісім кеңесі мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттеріне жан-жақты тоқталды. – Президент алдымызда өте маңызды міндеттердің тұрғандығын, еліміздің даму көрсеткіштерін жақсарту, халықты толғандырған өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты,– деді облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев.
Біздің алдымызға маңызды міндеттер қойылып отыр. Ең әуелі елімізді индус-трияландыру бағдарламасын қарқынды жүргізуге тиістіміз. Жаңа жұмыс орындарын ашу, өңдеуші кәсіпорындардың басымдылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып табылады.
–Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне айрықша тоқталды,– деді облыс әкімі өз сөзінде. Бұл орайда ілгері басушылық та, маңдымай отырған жағдай да бар. Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігінің өсімі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 10,1 па-
йыз болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 13,8 пайызға өсті.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді үнемді және тиімді пайдалануды тапсырды. Президент айтқанындай жер – өндірістің басты факторы.
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардың әкімдерінің, салалық басқармалар басшыларының назары инвестиция тарту, бюджет қаржысын тиімді игеру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігіне аударылды.
Мемлекет басшысы әр аймақта өзінің сезімтал мәселелері бар екенін атап өтті. Бұл бірінші кезектегі проблемалар әкімдердің басты назарында болулары керек. Ең алдымен бұл қолжетімді баспана, жұмыспен қамту, сапалы білім мен денсаулық сақтау, таза экология, жайлы жолдар мен қауіпсіздік мәселелері деп еске салды облыс әкімі.
«Әлеуметтік қамқорлық жобасын іске асыру шеңберінде облыста жаңа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жұмыстар атқарылуда. Барлығы 7,6 мың өтініш қабылданып, 6 мың отбасына 1,4 миллиард теңгенің төлемі жүргізілді. Сонымен бірге, облыс әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін қатаң сақтауды, осы орайдағы негізсіз әрекеттердің алдын алу және заңсыз төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеңесте Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді қолдап «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры
Жабал Ерғалиев және облыстық мәслихаттың депутаты Максим Божко сөз сөйледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар