Қатерлі ағымдардың ықпалынан қалай сақтанамыз?..

Степногорск қаласында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі адамдардың дінтану және құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде ислам дініндегі радикалды идеяларды ұстанушыларымен жұмыс істейтін теологтардың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту мен бейімдеудің теологиялық және психологиялық әдістері» тақырыбында практикалық семинар өткізді.

Семинар барысында оңалту жұмыстарының әдістері қарастырылып, халықтың дінтану сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді, деструктивті жалған діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту және қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Асқар Сабдин тыңдаушыларға діни экстремизм бағытындағы заманауи салафизм, қоғамның зайырлы мемлекетте шамадан тыс теологиялануы туралы айтып берді.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің наиб-имамы Қанат Алшынбаев тыңдаушыларды ислам дінін ұстанбайтын мұсылмандармен қарым-қатынас және такфиризм мәселелерімен таныстырды. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» серіктестігінің психолог маманы Лимана Қойшиева тыңдаушыларға діни ағымдардың тұлға санасына теріс ықпалы және психологиялық принциптері туралы айтып берді.
Шараны қорытындылай келе, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Жұмағұлов діни саладағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту, оның ішінде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін және құзыретін арттыру жайында әңгімеледі.
Семинар соңында қатысушылар қазіргідей діни экстремизм қатері күшейген уақытта дінге қатысты осындай өзекті мәселелерге арналған семинарлар өткізу қажет деген пікірге келді. Семинарға қатысушыларға білім мен дағдыларды алғандығын растайтын сертификаттар тапсырылды.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар