Жүктелер міндет ауқымды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, жұмыс істей бастағаны қоғам үшін соны жаңалық.

Ұлттық кеңестің арқалайтын жүгі ауыр. Оған Президенттің өзі төрағалық етеді. Бұл ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жас отбасыларымен де жұмысты күшейтуі тиіс. Бүгінде жастар барлық саяси үдерістердің локомотивіне айналды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің негізгі міндеті – тұжырымдама, мемлекеттік бағдарлама, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу. Бұл – бір. Екіншіден, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып, маңызды стратегиялық проблемаларды қарастырады. Үшіншіден, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен бірге, өзінің құзыреті шегінде заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады. Бұл өзгеше құрылым болмақ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуын барынша құптаймын.

Мейрамбек ЗӘКІРОВ,
«Шаңырақ» психологиялық-әлеуметтік және зерттеу орталығы»
қоғамдық қорының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар