Саяси пікірсайыс клубы және ортақ мүдделер бірлігі

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы саяси пікірсайыс клубының отырысы болып өтті.

Клуб құрамына саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері кіреді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева өз сөзінде саяси клубтың міндеті әртүрлі саяси көзқарастағы адамдарды шоғырландыру, оларды облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлесе жұмыс істеуге тарту, билік органдары мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты ретке келтіру болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан халықтық коммунистік партия-
сы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов, «Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымы Ақмола филиалының төрағасы Геннадий Осиненко, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Ақынов, «Лад» славян қозғалысы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Крамаренко, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Ақмола филиалының төрағасы Бақыт Смағұл сөз сөйлеп, саяси клуб қоғамдық саяси өзекті мәселелерді, облыстың әлеуметтік мәдени өмірін, сондай-ақ, қоғамды алаңдататын проблемаларды талқылау үшін белсенді орын болуы тиістігін айтты. Оның мүшелері жасаған ұсыныстар мен кеңестер нақты орындаушыларға дейін жетуі тиіс.
Қатысушылар саяси клуб жұмысының жоспарын талқылады. Келесі отырысты Қазақстан халықтық коммунистік партиясы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов жүргізетін болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *