Құнды деректерге кезіктік

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбектерінде халқымыздың ұлттық қасиеттерінің тарихи дамуы, оның маңызы жайлы терең түсініктемелер беріліп, оны одан әрі қалай, қайтып дамыту жолдары атап көрсетілген болатын.

Осы тұрғыда, белгілі бір саланың, соның ішінде архивтік мұрағаттар қызметтерінің рөліне де үлкен мән берілген еді. Әсіресе, атадан балаға мұра ретінде дамып келе жатқан ұлттық ел мен жер, су, өзен, көлдердің атауларына көңіл аудару, онда мекендеген аң, құстар мен табиғат байлықтарының қорын молайту, туристік, саяхат саласын жандандыру мәселелеріне жете көңіл бөлінген. Осындай үлкен жауапты жұмыстардың алға басуына Ақмола облысының мұрағат қызметкерлері де өз үлестерін қосу жолында аянбай еңбек етуде. Халқымыздың қажеттігіне орай, бұл құжаттарды, оқырман қауым, ғалымдарымыз, қарапайым еңбек адамдары да пайдалануда. Осыған байланысты оларға талаптарына орай жан-жақты көмектер де көрсетілуде.
Мысалы, осы жылдың басында, облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызының тапсырмасы бойынша Тобольск қаласына арнайы іссапармен барған ақмолалық архивистер 1916 жылы жасалған «Кокчетавский уезд с нанесением волостей» атты картаны тапты. Бұл картада қазір Қошқарбай деп аталып жүрген Зеренді ауданы Айдарлы ауылының маңыздағы өзен Шора (Шура) деп көрсетілген. Бірнеше жылдан бері осы өзеннің тарихи «Шора» атауын қайтару жөнінде мәселе көтеріп келе жатқан Зеренді ауданының құрметті азаматы, ақын, өлкетанушы Айдос Әбутәліповтың бұл ұсынысы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы отырысында да қаралып, нақты дәлелдердің болмауына байланысты кейінге қалдырылған екен. Енді сол «Шора» атауы картадан табылып отыр. Шағалалы өзенінің бір саласы болып табылатын бұл шағын өзеннің, біздің ата-бабаларымыздың ертедегі іс-әрекеттері, ата салт-дәстүрлері жайлы түрлі аңыздардан сыр шерткен өзіндік оқиғалары бар екенін түсіндік. Қысқаша баяндасақ, басқа да көрші Омбы, Түмен, Орынбор қалаларының архивтік құжаттарынан да тың деректер алып, жұмыс ауқымын кеңейту жоспарымызда бар.

Асима БАЙГЕНДИНОВА,
Ақмола облыстық архивінің қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар