Шөп шабу қарқын алуда

Бұл күндері облыстың шаруашылықтары төрт түлік малдың қыстағы қамына кіріскен. Мал қоралары жөнделіп, шабындықта шалғы сырылы үзілмейді. Күннің ашықтығын пайдаланған пішеншілер шөп шабу науқанын қарқынды жүргізуде. Биыл облыс бойынша 1 миллион 114 мың тонна шөп дайындау қажет.

Шөптің шығымдылығы жақсы. Есіл, Аршалы, Ақкөл аудандары белгіленген мөлшердің 85-90 пайызынан артық шөп дайындады. Биыл ірі мал шаруашылықты өңірлер Зеренді мен Ерейментау аудандары 124-131 мың тонна шөп дайындауды жоспарласа, қазір оның 80 және 61 пайызы орындалды.
Егіндікөл, Жарқайың, Аршалы аудандары мал басын көбейтуге көңіл бөлмей отырғанын айта кеткен артық болмас. «Қыстың қамын жазда ойла» дегенді басты назарда ұстайтын ауыл еңбеккерлерінің қажетті мөлшердегі шөпті да-йындап алатындарына күмән жоқ. Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 4 миллион 137 мың гектар егіс алқабына химиялық өңдеу жүргізді. Бұл жоспарланған межеден әжептәуір артық.

Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар