Берешектің бақылаусыз өсуі шектеледі

Азаматтардың берешегінің бақылаусыз өсуін шектеу мақсатында осы жылдың соңына дейін кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды реттеу бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Бірінші кезекте Ұлттық банк бекіткен, кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды 30 шілдеге дейін есептен шығару механизміне сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша берешекті кешіруді жүзеге асырады. «Банктер, микроқаржы ұйымдары және проблемалық кредиттер қоры арасында есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасалған соң, 20 тамызға дейін Қордан банктерге және микроқаржы ұйымдарына айыппұлдар мен өсімпұлдар бо-йынша кешірілген берешектің 30 пайызын өтейді. Осыдан кейін, Ұлттық Банк өзінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру бо-йынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жүргізген рәсімдерді тексереді.
Жылдың соңына дейін Ұлттық банк кредиттеу субъектілерін, оның ішінде онлайн-кредиторларды, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды реттеу мәселелері бойынша қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдайды. «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заңға және «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Заңға 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарға тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдер есептеуге тыйым белгілеу бойынша түзетулер енгізілмекші. Бұл түзетулерді Ұлттық банк Парламенттің қарауына ағымдағы жылғы қыркүйекте енгізеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар