Қылмыстың алдын алуға жете көңіл бөлінеді

Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Ұрымқай селолық округінің жетілдірілген полиция пунктінің тұсаукесеріне және Бурабай аудандық полиция бөлімі жанындағы азаматтарды қабылдайтын жаңа кеңсенің ашылу салтанатына қатысты. Облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен көшпелі жедел кеңес өткізді.

Бүгінгі таңда Ұрымқай округінің құрамына 2800 адам тұратын сегіз елді мекен кіреді. Полиция пунктінің техникалық мүмкіндігі полицияның учаскелік инспекторына онлайн режимінде селодағы құқықтық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер мониторында мектеп, дүкендер, бас көшелер мен шаруа қожалықтарының аумағына орнатылған 23 бейнекамераның мәліметі көрсетіледі. Жергілікті серіктестіктердің басшылары округтегі бейнебақылау жүйесін орнату кезінде қолдау көрсетті. Берік Біләлов өз сөзінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу кезінде бейнебақылау жүйесін енгізудің маңыздылығын айтты.
–Қазіргі заманғы цифрлық технологияны қолдану полицияға қылмысты жедел ашуға және қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалауға мүмкіндік береді. 2019-2020 жыл «Полицияның учаскелік пункттері жылы» деп жарияланды. Мұндай оң өзгеріс жақын арада барлық селолық тірек пункттерінде болады,–деген полиция генерал-майоры жергілікті тұрғындар үшін ең маңыздысы учаскелік полиция инспекторының жұмысы жөнінде жедел білу мүмкіндігі туғанын айтты.
Аталмыш әкімшілік участокта 5 жыл қызмет ететін полиция капитаны Сабырбек Шалмұқанов өз жұмысы жөнінде округ тұрғындары алдында есеп берді. Бұл жиынға Бурабай ауданы әкімнің орынбасары Уәлихан Ғабдуллин мен облыстық полиция департаментінің жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Берік Біләлов Ақмола облысы аумағында және Бурабай ауданында қылмыстық жағдай тұрақты екенін айтты. Сондай-ақ, ведомства басшысы азаматтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы аясында полицейлік ведомство жұмысының басымдық бағыты жөнінде айтып берді. Полиция капитаны Сабырбек Шалмұқанов округте тіркелген қылмыс пен әкімшілік құқық бузушылық, сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен өткізілген алдын алу жұмысының қорытындысы жөнінде айтып берді. Мұнда мал ұрлығының алдын алу бойынша бірқатар жұмыс атқарылыпты. Бұдан кейін департамент басшысы Берік Біләлов учаскелік полиция инспекторына өткен жылғы қылмыстарды ашу, есепте тұрған адамдармен және жасөспірімдермен одан әрі алдын алу жұмысын өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесін шешу барысында жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты.
Өмірдің тауқыметіне тап болғандар қылмыс жасауға, құқық бұзуға баратыны белгілі. Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе жұмыс істеуінің тағы бір бағыты құқық қорғау органдарының техникалық жабдықталуын жетілдіру болып табылады. Бұл бағытта облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде. Сондай-ақ, ведомство басшысы тірек пунктін техникалық жабдықтауға және абаттандыруға қол ұшын созған жергілікті серіктестік басшысына алғысын білдірді. Жиналыс барысында ауыл тұрғындары полицияның жұмысы жөнінде өз ұсынысы мен ескертуін айтты. Мұның бәрін өңірдің бас полицейі өз бақылауына алатын болды. Өзекті мәселелерге сол жерде түсініктеме берілді. Тұрғындар полиция капитаны Сабырбек Шалмұқановтың жұмысына оң бағасын берді.
Берік Біләлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар құжат алу, учаскелік полицияға көмекші тағайындау, қару ұстауға рұқсат алу, қараусыз қалған мал жөнінде мәселе көтерді. Шара соңында өңірдің бас полицейі белсенді азаматтық ұстаным танытқан Ұрымқай селолық округінің тұрғындарына алғыс айтты. Бұдан кейін Берік Біләлов Бурайбай аудандық полиция бөлімінде болып, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес азаматтарды қабылдайтын жаңа кеңсенің ашылу салтанатына қатысты. Кеңсеге келген адамдарды үйлестіруші маман қарсы алады. Арнайы дәлізде орнатылған экраннан танымдық ақпаратты оқуға болады. Сондай-ақ, мұнда азаматтар әкімшілік айыппұлмен және өзге төлемдермен есеп айырысатын терминалы орнатылған. Жаңа кеңсенің тұсаукесерін полиция департаментінің бастығы, полиция генерал ма-
йоры Берік Біләлов өткізді. Ол өз сөзінде мұндай сұхбат өңірдің шалғай елді мекендерінде не болып жатқаны жөнінде толық әрі нақты ақпарат алуға көмектесетінін, уақытында тұрғындарға қол ұшын созуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Салтанаттан кейін полиция генерал-майоры азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Курортты өңірдің тұрғындары автокөлікті жабдықтау, шетелдік туыстарын тіркеу, бейнебақылау камерасын орнату, тұрғын үй мәселесін шешу, оқу грантын алу тәрізді мәселелер көтерді. Департамент бастығы бәрін мұқият тыңдап, түсініктеме берді. Азаматтардың мәселесіне қатысты қосымша тексеріс жүргізуді тиісті бөлімшелер басшыларына тапсырды. Осы күні Берік Біләлов Бурабай аудандық полиция бөлімі базасында облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен көшпелі жедел кеңес өткізді. Шарада полицейлер бірінші жартыжылдық пен алдағы міндеттер жайында Ақмола облыстық полиция департаментінің жедел қызметтік жұмысының қорытындысын қарады. Генерал-ма-
йор аумақтық бөлімшелердің қызметтік жұмысын ұйымдастыруындағы олқылықтарды айтып, екінші жартыжылдыққа басымдық міндеттер белгіледі. Жеке құрамды оның орындалуына бағыттады. Кеңесте тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі қаралды.
–Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының нәтижесі қоғамдық тәртіпті сақтаудың әрқашан бірінші қатарында тұрады,– деген ведомство басшысы жедел шараның қорытындысы бойынша басқармалар мен аудандық полиция бөлімшелерінің бастықтарына жедел қызметтік жұмыстың олқылықтарын жөнге келтіру, алдын алу жұмысын нығайту, қылмысты ашу, тәртіпті сақтау мен ішкі істер органының жеке құрамымен тәртіпті сақтауды және заңдылықты қамтамасыз ету тәрізді нақты тапсырмалар берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар