Елжандылыққа баурайды

Көкшетау қаласындағы «Рио» сауда үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен жас-
тарды отансүйгіштікке баулуға, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге және насихаттауға бағытталған патриоттық акция болып өтті.

Акция барысында сауда үйіне келушілер арасында сауалнама жүргізіліп, тақырыптық, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Әрбір азаматтың жүрегінде өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Сауда үйіне жиналғандардың да айтар тілегі ортақ.
Солардың бірі жас ана Ризагүл Сағынайқызы «Мемлекеттік рәміздер – халықтың рухын көтеріп, ұлттық сана-сезімін, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін құндылықтың бірегейі саналады. Көк Ту биіктен түспей, Елтаңбамыз елдігіміздің айбары болып, Әнұранымыз әрқашан әлемдік деңгейдегі мәртебемізді өсіріп, асқақтай берсін!», – дей келіп, осынау мемлекеттік мерекенің маңызына ерекше тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Қоғамдық келісім үйі өнерпаздары және қаланың дарынды жастарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік концертте, елжандылыққа үндейтін өлең-жырлар оқылып, шара сәнін кіргізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар