Орақ созылды

Облыста егін орағы ұзап кетті. Соңғы күндері жауған қар жұмысты тіпті қиындатып жіберді. Әлі де сабағында тұрған, дестеде жатқан егіннің тағдыры не болмақшы? Осы сауалдармен тілшіміз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Ә.Қалжановқа жолыққан еді.

– Аманбек Әмірхамзаұлы, аса күрделі жағдайда өтіп жатқан орақ науқанының барысы жөнінде әңгімелеп берсеңіз?
– Биыл облыс бойынша 4 миллион 109 мың гектар алқаптың егіні орылып, жинап алынуы керек еді. Бүгінгі  таңда  оның 3 миллион 790 мың гектары немесе 92 пайызы бастырылып,  4 миллион 531 мың тонна астық алынып отыр.  Әр   гектардың шығымы 12 центнерден айналуда. Соңғы үш күнде мөлшерден артық ылғал түсті. Алқаптарда  қар жатыр. Соңы жаңбырға ұласуда. Соған  байланысты жұмыс тоқтап тұр. Зеренді, Сандықтау,
Бурабай, Бұланды аудандарындағы 289 мың гектар алқаптың астығы әлі жиналған жоқ. Ал, қалған  аудандар бұл жұмысты 98-99 пайызға орындады. Жарқайың ауданы облыста бірінші болып   астығын жинап алды. Есіл, Атбасар аудандары да бұл жұмысты аяқтады. 
– Биылғы астықтың сапасы жөнінде не айта аласыз?
– Соңғы он күнде орылған астықтың сапасы жақсы. Дегенмен, астық ылғалды болғандықтан, оны толық кептіру керек. Астықты  барлық элеваторлар қабылдап жатыр.  Соңғы  күндері  егін орағы өте күрделі жағдайда өтуде. Диқандар ауа райының қолайлылығын күтіп отыр. Астықтың қамырлылығы көңіл көншітпейді.   Әсіресе,  топырағы құнарлы аудандардың жинаған астығының сапасы төмендеп кетті. Жалпы,  өңір бойынша жиналған астықтың 70 пайызы жоғары сапалы.   Бұл жаман көрсеткіш емес. 
– Жауған қар өсірілген   астықтың бір бөлігі  қар астында қалады деген қауіп та тудырып отырған сияқты.
– Әрине, бөгеті бар. Бұл – астықтың түсімін азайтады. Дәндері жерге түсіп, ысырап болады. Күн ашылса, аудандар мен шаруашылықтар астықты жинап алуға дайын. Жанар-жағар майлары жеткілікті.   
Облыс бойынша 60 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеуде.   Бәрінің  лицензиялары  бар.  Бұл  элеваторлар    3 миллион 800 мың тонна,   шаруашылықтар 1 миллион 500 мың тонна астық қабылдай алады. Өнім далада қалмайды. 
– Әңгімеңізге рахмет.
Бостангүл ЕРМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар