Жастар жылынан – Еріктілер жылына

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Әлем төртінші өнеркәсіптік революцияға бетбұрыс жасаған бүгінгі заманда мемлекетімізге белсенді, креативті жастар ауадай қажет. Сол себепті, қазіргі таңда жастарға қатты көңіл бөлініп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Елбасы осы жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Себебі, жастар – біздің болашағымыз» деп атап өткен еді. Сонымен қатар, Президент Жастар жылының игілігін, ең алдымен жастардың өздері көруі керектігін, жастарға баспана қолжетімді болуы тиістігін қадап айтты.
Ерікті ретінде мені әсіресе, келесі жыл Жастар жылының жалғасы ретінде Еріктілер жылы болып жарияланатыны қуантады. Қазір жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту жоспарланып отыр.
Өзім жетекшілік ететін «OVS Dream» одағы да бұл іске үлес қосуда. Бүгінгі таңда одақ құрамында 16-20 жас аралығындағы 50-ден астам тәлімгерлікпен айналысатын жастар және еріктілер бар. Олардың көбісі жазда лагерьлерде жұмыс істейді, сонымен қатар, волонтерлік істі де қатар алып жүреді. Аталған одақтағы еріктілердің алғашқы жобаларының бірі «Жақсылық қорабы» деп аталды. Ол қорап «Глобус» сауда үйінде орналастырылып, оған тұрғындар киім-кешектерін қалдырып жатыр. Біздің еріктілер бұл киімдерді әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына таратып береді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың маусым айында Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен отбасыларына көмек қолын созу акциясына да қатыстық. Тәлімгерлеріміз «Чайка» жазғы лагерінде Арыстан келген балалармен жұмыс істеуде.
Биылғы оқу жылынан бастап түрлі қайырымдылық істерімен қоғамға септігін тигізіп жүрген ерікті жастардың шәкіртақысын 30 пайызға көтеру жоспарланып отырғаны қуанарлық жай. Бұл жас буын өкілдеріне таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.
Мәдина БАЙҒОЖИНА,
«OVS Dream» біріккен тәлімгерлер одағының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар