Балалық шақ базарлы!..

Думан толы бұл күні,
Әлем шаттық бүркіді.
Балалардан көріңіз,
Ағыл-тегіл күлкіні.

Балалық шақ базарлы,
Күн де бүгін ажарлы.
Шырай шашып дүние,
Көңіл шалқып, тазарды.

Қайталанбас көрініс,
Жақсы ойлар өріңіз.
Моншақ төгіп балдәурен,
Жайнай берсін төріміз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар