Радиациялық қауіпсіздікті сақтау маңызды іс

Ақмола облысының аумағында радиациялық қауіпті кәсіпорындар санатына – «Степногорск тау-кен химия комбинаты» (СГХК) және «Семізбай U» ЖШС жатады. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, облыс аумағында иондалушы көздері бар 7 кәсіпорын балансында 48 жабық сәулелену көзі сақталуда.

Аталған кәсіпорындар радиациялық қауіптілікті сақтау бойынша жұмысты «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» арнайы ббекітілген санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіледі. Степногорск тау-кен химия комбинаты 2004 жылы құрылған. Кәсіпорынның негізгі шикізат көздері – Маныбай, Звездное, Восток кен орындарының қоры таусылған. Қазіргі уақытта кәсіпорын шикізатты «Қазатомпром» АҚ қарасты оңтүстік аймақтағы кәсіпорындардан, «Семізбай-U», «Қызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен және басқа да кәсіпорындардан алады.
Степногорск тау-кен химия комбинатында «А» тобының қызметкерлер саны – 720 адам, «Б» тобы қызметкерлері саны – 74 адам. Жеке дозиметрлік бақылау – радиациалық және токсикалық қауіпсіздік қызметі мамандарының күшімен жүргізіледі.
Комбинат жұмысы нәтижесінде пайда болатын радиактивті қалдықтар кәсіпорын балансындағы қалдық сақтау орнына жинақталады. Радиактивті қалдық сақтау орыны 3 картадан тұрады: №1, №2 және булану картасы. №1 карта қазір пайдаланылмайды. Бұл нысан рекультивацияға дайындалған. Жиналған қалдық көлемі 14146 мың текше метр немесе 16550 мың тоннаны құрайды. №2 карта пайдаланылуда, қоймалаудың қалдық көлемі шамамен 5,261 миллион шаршы текше метр. Булану картасы рекультивацияға дайындалған.
Комбинат келісім шарт негізінде аккредиттелген зертхана көмегімен өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде әр тоқсан сайын санитарлық қорғау аймағында (1000 м.) гамма-сәулелендіру, топырақтағы ауыр металдар, уран және радий белсенділігін айқындау үшін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ақмола облысы бойынша экология департаменті, өз кезегінде, кәсіпорынның санитарлық қорғау және қалдық сақтау аумағында гамма сәулелену өлшеулерін жүргізеді. «Семізбай-U» кәсіпорнында «А» тобының қызметкерлер саны – 180 адам, жеке дозиметрлік бақылау «Волков Геология» АҚ күшімен, келісім-шартпен жүргізіледі.
«Семізбай-U» ЖШС Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы Семізбай кен орнында құрамында ураны бар кендерді жер асты ұңғылау арқылы өндіруді жүргізеді. «Семізбай-U» ЖШС-нің радиоактивті қалдықтары келісім-шарт бойынша «СГХК» ЖШС қалдық қоймасына шығарылады. Кәсіпорын аумағында төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау алаңы бар. «СГХК» ЖШС-мен қатты төмен радиоактивті қалдықтарды кәдеге жаратуға және көмуге шарт жасалды. 2019 жылы төмен мөлшердегі 35 тонна радиоактивті қалдықтар тапсырылды.
Айқын Нұрахмет,
Ақмола облысы бойынша экология
департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар