Темірлан – Азия чемпионы!

Жерлесіміз Темірлан Мұхамедьянов тау велосипеді жарысынан (маунтинбайк) Ливанда өткен сайыста Азия чемпионы атанды.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, байрақты жарыс Ливан елінде өткен. Жарысқа Азияның көптеген елдерінен жиналған кілең мықты спортшылар қатысып, күш сынасты. Оның ішінде 23 жасқа дейінгілер арасында «кросс-кантри олимпик» әдісі бойынша сынға түскен Шортанды ауданының тумасы Темірлан үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Жерлесіміз 1:42:14 нәтиже көрсетіп, иран спортшысы Али Зохрабзадені (1:44:09) шаң қаптырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар