Желдің күші

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы жоғары технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы облыс орталығына іргелес жатқан Краснояр селосында болып өтті.

Шараға «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.
Комиссия мүшелері көшпелі отырыс барысында бүгінгі таңда Краснояр селосында салынып жатқан бес жаңа жел электр станцияларының жұмысымен танысты.
Қыркүйек айында ашылатын жел электро станцияларының жұмысы жайлы облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндап берді. Айта кетейік, мұндағы бір жел генераторының қуаттылығы 0,75 мВт-ты құрайды.
–Жоба осыдан екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Мұнда бес жел генераторы орналасқан. Облысымызда өндірілетін энергияның 38 пайызы жел энергетикасының арқасында алынады, – деді өз сөзінде басқарма басшысы Иван Юрченко. Жалпы, облыс бойынша осындай бес жоба іске асырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар