Нарық мүддесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік сатып алу арқылы алынатын импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салу туралы Қаулыға қол қойды.

«Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, елдің ішкі нарығын қорғау және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1.Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды ұлттық режимнен алып қою белгіленсін. 2.«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін» делінген Қаулы мәтінінде.
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автомобиль саласы кәсіпорындарының одағының мәліметінше, мұндай қадам отандық нарықтың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр. Ұлттық режимнен алынған тауарлар тізіміне жеңіл автокөліктер еніп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар