Өнер кеші

Зеренді ауданындағы Мəлік Ғабдуллин ауылының мәдениет үйінде ұлттық өнерді ұлықтап жүрген өнерпаздардың қатысуымен өнер кеші болып өтті.

Кешті қазақ радиосының журналисі, ақын Ербол Алшынбай жүргізіп отырды. Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, ақын Алмас Темірбай көрерменге өз өлеңдерін тарту етті. Оған қоса, ауылдық мәдениет үйінің кітапханасына 100 дана кітап сыйға тартты. Осы кеште химия ғылымдарының докторы, PhD докторанты, «Қазбілім» порталының редакторы, ақын Аятжан Ахметжанұлы да өз өлеңдерін оқып, 200 дана кітабын ауыл жастары мен балаларына сыйлап, «ауыл кітапханасының оқырмандары көп болсын», – деген ақ тілегін жолдады. Өз кезегінде дүние жүзі қазақ қауымдастығы Ақмола облыстық филиалы басшысының орынбасары Алтын Мәденқызы өлеңдерін жатқа оқыды.
Дəнеш Рақышев атындағы халықаралық дәстүрлі əншілер сайысының бас жүлдегері Бақытнұр Əбілезұлы Біржан əндерін тамылжыта орындап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.
Кешті жүргізген «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар сайысының бас жүлдегері, ақын Ербол Алшынбай да өз туындыларын ұсынды. Одан əрі көрермендер Ташкент қаласында өткен Төле бидің 350 жылдығына арналған халықаралық айтыстың, Елордамыздың 15 жылдығына арналған республикалық сайыстың бас жүлдегері Жақсылық Орынбасарұлы мен Қытай елінен келген айтыскер Сарқытбек Нұрдыбекұлының айтысын тамашалады. Ал, аудандық мәдениет үйінің əншісі Алмагүл Адаханова домбырамен əн шырқады.
Өнерге жаны жақын үлкенді-кішілі қауым дəн риза болып тарқасты. Ауыл əкімі, бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанна Әйтімқызы өнерпаздарға ақ алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар