Тиісті жазасын алды

Көкшетау қалалық сотында «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны мен Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеуніктерге айыппұл және бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 361 бабының 1 бөлігі бойынша (қызмет бабын теріс пайдалану) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 500 айлық есептік көрсеткіш (1 202 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Ал, оның экономика және қаржы жөніндегі бұрынғы орынбасары сыбайластық танытқаны және қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 481 000 теңге айыппұл төлейтін болады. Екеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бо-йынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 371 бабының 1 бөлігі бойынша (салғырттық) кінәлі деп танылды. Бұрынғы басшыға 300 айлық есептік көрсеткіш (680 700 теңге) мөлшерінде айыппұл, ал, орынбасарына 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардың екеуі де тұрақты мекен-жайын ескертусіз ауыстыра алмайды, сондай-ақ, құзыретті мемлекеттік органның рұқсатынсыз өзге жерге бара алмайды. Сот үкімі күшіне әлі енген жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар