Мемлекеттік қызмет сапасы жақсара түсті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Брифингте Райхан Ғазизқызы мемлекеттік қызмет саласындағы цифрланған негізделген жұмыс нәтижелерін нақты атап көрсетті. Бүгінгі таңда облыста 695 мемлекеттік мекеме бар және онда 5816 адам қызмет істейді. Мемлекеттік қызметшілердің 87 пайызы жоғары білімді болса, 15,2 пайызы екі немесе одан да көп жоғары білімге ие.
– Мемлекеттік қызметтегі ауы-
сым тұрақты деңгейде, соңғы үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,7 па-йызды құрайды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің 76,7 пайыз ішкі конкурс қорытындылары бойынша жоғары лауазымдарға орналастырылды және бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 20,6 пайызға жоғары, – деді Р.Братаева өз мәлімдемесінде. Сондай-ақ, тәуелсіз бақылаушылардың конкурстық комиссия отырыстарына қатысуы конкурсқа қатысушыларды іріктеу үдерістеріне шағым білдіру мөлшерін азайтқан.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанды дамытуда жастар басым рөл атқарады, олар дамудың қозғаушы күшіне айналады», – деген сөзін басшылыққа аламыз. Біздің бас-ты міндеттеріміздің бірі – талантты, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті жас-тарды мемлекеттік қызметке тарту, сабақтастықты сақтау. Осы мақсатта бос жұмыс орындар жәрмеңкелері, ашық есік күндері ұйымдастырылады. Өткен жылы ұйымдастырылған осындай жәрмеңкелерге 2 мың адам қатысса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 3 мыңға жетті», – деді Райхан Ғазизқызы.
Кәсіби бағдарлау мақсатында оқу бітіруші 115 студент мемлекеттік органдарда өз мамандықтары бойынша өндірістік тәжірибеден өткен. Оған қоса, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруде тәлімгерлер институтына аса мән беріледі. Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша 126 жас маманға тәлімгер бекітілген. Мемлекеттік органдар мен қоса, жеке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында да тағылымдамадан өту тәжірибесі қолға алынды. Осылайша бірінші жартыжылдықта 24 мемлекеттік қызметші өз қызметіне сәйкес келетін кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қызметке тұру барысында туындайтын бөгеттерін жою бағытында қарастырылған жұмыс нәтижелері де көңіл қуантады. Нақтырақ айтар болсақ, ондай мемлекеттік қызметшілерді ым-ишара тіліне үйретуді көздейтін «Говорящие руки» жобасы қолға алынды. Осыған орай, облыста есту мүшелері бойынша мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілер тобы құрылды. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша 918 мемлекеттік қызметші оқытылса, оған қоса, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де оқытылуда. Сонымен бірге, банк қызметшілерін оқыту мәселесі де пысықталуда.
Баяндамашының айтуынша, бүгінгі таңда департамент мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара байланыс құрып, олардың құқықтарын қорғай білуіне көңіл бөледі. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы азаматтармен сапалы байланыс орнатуын қадағалау қолға алынған. Осылайша департамент өзінің ашықтығын белсенді түрде жариялауда. Осының нәтижесінде, департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында оқырмандар саны 48 мыңнан асқан.
Брифинг соңында Райхан Братаева БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына барынша жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар