Президент

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
***
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты да қабылдады. Президент жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар