Нұрлы көш. Бүлдіршіндер, алаңсыз ойнап өс!

Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елді мекенінде шеттен оралған қандастарымызға арнап салынған Нұрлы көш ауылының да бұл күнде етек-жеңі түзеліп, тұрмысы, әлеуметтік бет-бейнесі жақсарып келеді

Ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалып, соның есесінен бір кездегі күрмеулі мәселелер өз шешімін таба түсуде. Мәселен, тұрғындардың көбі жұмысқа орналасқан, жергілікті халықпен біте қайнасып, өздерін облыс пен қаланың қоғамдық-мәдени өмірінде де жақсы жағынан көрсете білуде. Жергілікті билік жастар мен балаларды да естен шығармайды. Көптеген бүлдіршіндер бала бақшаға барады. Ал, үлкендері облыс орталығы мен Краснояр ауылының мектептерінде оқиды. Осы балалар үшін жаңадан спорт және ойын алаңдары салынған. Бұл алаңдар әр күні спортпен айналысқан, түрлі ойындар ойнаған жеткіншектерден бір босамайды. Жастар сонымен бірге, көркемөнерпаздар үйірмесіне де белсене қатысып, атадан балаға мирас болған ұлттық салт-дәстүрлерімізді де қастерлеп өсіп келеді. Мұның бәрі әрине көңілге қуаныш ұялатып, ауыл келешегі зор екенін аңғартады.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретте: Нұрлы көш ауылының жас жеткіншектері өздерінің игілігіне берілген спорт және ойын алаңдарында.
Суретті түсірген автор.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *