Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құрбан айтпен құттықтауы

Қымбатты ақмолалықтар!
Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстан өзінің бай рухани мұраларымен және қайталанбас тарихи, мәдени, діни дәстүрлерімен мақтана алады. Біздің елімізде Құрбан айт – бұл тек мұсылмандарды ғана емес барша қазақстандықтарды біріктіретін достық пен келісім, жаңғыру мен жасампаздықтың мерекесі.
Біз өзіміздің озық дәстүрлерімізді дамыта отырып, қоғамдағы мәдени және рухани сантүрлілікті сақтауымыз, еліміздің азаматтарының арасындағы татулық пен сенімділікті нығайтуымыз қажет. Бұл ежелден келе жатқан халықтық мейрам әлемнің барлық діндерінде көрініс тапқан қайырымдылық пен мейірбандық, әділеттілік сияқты жақсы қасиеттерді насихаттап, адамдардың бойында орнықтыруға ықпал етеді. Құрбан айт – адамдардың жақын туыстары мен таныстарына, айналасындағыларға жүрек жылуын сыйлауға мүмкіндік беретін мейрам.
Осы ұлық мереке күні қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, зор табыс тілеймін! Аңсаған арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар