Президент

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «Ақорда» резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-Министр Асқар Мамин, Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді.
Соңында Президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса мән берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар