«Парасаттылық мектебі» ашылды

Түркістан облысының Арыс қаласынан 130-дан астам бала дем алып жатқан  «Чайка» балалар сауықтыру орталығында жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жас ұрпақты жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дайындау мақсатында парасаттылық мектебінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлебаев, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова қатысты. Айта кету керек, мектептің ашылуы Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен «Адалдық керуені» акциясы аясында ұйымдастырылды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Мұрат Төлебаев аталмыш мектеп балаларды парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамасы болып табылатынын атап өтті. «Адамзат баласына аса қажетті адамгершілік сияқты абзал қасиеттер өскелең ұрпақтың бойында ерте жастан қалыптаса бастайды. Сондықтан бұл мектептер біздің балаларымыздың бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуына зор септігін тигізеді деп есептейміз. Мектепте өткізілетін сабақтар барысында балаларға ойын түрінде сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы айтылып, адал әрі әділ болуға үйретеді» – деп атап өтті Мұрат Төлебаев.
Іс –шара аясында «Адалдық – ар-намыс айнасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Балалар жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып, адалдықтың не екенін, оны қалай тануға болатынын, адал адам қандай болатынын және басқа да адамгершілік қасиеттерге байланысты өз ойларын ортаға салды. Әділдік туралы суреттер конкурсы, танымдық зияткерлік және іскерлік ойындар өткізілді. Шақырылған қонақтар үшін шағын театралды қойылым, музыкалық нөмірлер, би флешмобы қойылды. Балаларға осындай форматтағы іс-шара өте ұнады. Мектеп шеңберінде сабақтар демалыс аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар