Ардагерлер футбол ойнады

Көкшетау қаласында облыстық соттың қаржыландыруымен салынған «Әділет» стадионында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Теміртау, Петропавловск қалалары мен Ақмола облысының Көкшетау қаласы және Бурабай кентінің адрагерлер командаларының арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Қалааралық турнирге әр салада еңбек етіп зейнет демалысына шыққан ардагерлердің құрама командалары қатысты. Спорттық іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және футболды спорттың бір түрі ретінде насихаттау.
–Ардагерлер командаларының құрамында 45 жастан асқан ардагерлер өскелең ұрпаққа, сүйікті спорт түрімен айналысуға жасқа байланысты шектеудің болмайтындығын, денсаулықтарын нығайтуға және жұмыс пен пайдалы демалыс-
ты үйлестіре білуге болатынын іспен дәлелдеп отыр, – деді Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров.
Ойынның салтанатты ашылуында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Ақмола облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, еркін күрестен СССР-дің спорт шебері, шағын футболдан Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Теміртау қаласы командасының капитаны Валерий Панин жарысқа қатысушыларға деген жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Теміртау қаласының ардагерлер командасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер командасы, үшінші орынды Петропавловск қаласының ардагерлер командасы иеленді. «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Сылыбеков Алик (Көкшетау қаласы) және Гычай Олег (Теміртау қаласы), «Спортқа деген адалдығы үшін» номинациясында Қасейінов Бақыт (Петропавл қаласы) және Игнатов Владимир (Теміртау қаласы), «Ең үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Жұмаев Әбиүр (Нұр-Сұлтан қаласы), «Ең үздік ойыншы» – Кебісов Жанболат (Ақтау қаласы) және «Ең үздік қақпашы» – Сухапаров Владимир (Ақмола облысы Бурабай кенті) марапатталды.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар