Айқынның ән кеші

Металлург күні құрметіне «Алтынтау-Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен биыл да облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында қазіргі қазақ эстрадасының жұлдызына айналған Айқын Төлепбергеннің ән кеші болып өтті.

Әсерлі де әсем ән кешін әнші «Күндер өтуде» әнімен бастады. Концерттің басында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жиналғандарды Металлург күнімен құттықтап, «Алтынтау-Көкшетау» серіктестігінің бірқатар озат қызметкерлерін осы салада елімізге сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Енді әнші Айқын Төлепберген туралы айтып өтсек, ол 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алғаш өз тыңдармандарына «Суперстар.кз» жобасы арқылы танылды. Әнші кез-келген концерт пен кез-келген сахнада, тіпті, тойларда да жанды дауыспен ән салады. Отбасылы, екі баласы бар.Концерт барысында «Еркелеші, ерке қыз», «Жалаң аяқ», «Ең алғашқы» деп аталатын әндерін шырқап, тағы басқа да әндерімен көпшіліктің көңілін көтерген әншіге тыңдармандар тарапынан ризашылық мол болды. Ұсынылған гүл шоқтары мен алғыс сезімі соның айқын айғағы еді.

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар