Республикалық экспедиция жастарды қызықтыра түсуде

Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Менің Отаным – Қазақстан»

туристік экспедициясының екінші кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі бағдарлама бойынша жарыстарға ұласты.

Маңызды шараның мақсаты мен міндеті балалар-жасөспірімдер және жастар туризмін дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, азаматтық негіздер мен қазақстандық патриотизм құндылықтарын насихаттау, экологиялық таным және жалпы мәдениет деңгейін көтеру болып табылады. Бұл үшін, әрине, туристік-өлкетанушылық ілім мен спорттық шеберлік деңгейін шыңдау қажеттігі мәлім. Ақмола облыстық білім және туризм басқармалары аталған шараны «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен ұйымдастыру барысында осы қағидаларды басты ұстаным санайды.
Экспедициялық кең ауқымды шараларына Біражан сал, Ақкөл, Зеренді, Есіл, Аршалы, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан 137 жасөспірім туристі қамтитын 20 команда қатысуда. Олар үш күн бойына Бурабай ауданының туристік маршруттарындағы шараларда спорттық және танымдық туризм машықтарын көрсетеді.
Сондай-ақ, «Спорттық-сауықтыру туризмі» аталымы сындарынан өтіп, «Экологиялық-өлкетану маршруты», «Мәдени-танымдық туризм» бағыттарында өздерінің біліктілігі мен шеберлігін танытады. Бұған қоса, көпшілік-демалыс орындарында тазалық акциясын өткізіп, табиғи және тарихи орындарға саяхат жасайды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар