Жаңа оқу жылы – жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа бір белесі

Оқу жылы басталуға жақын. Қазіргі барлық ой оны қалай сәтті бастауға болатындығына бағытталған. Бұл ой – мұғалімдерді де, ата-аналарды да және балаларды да толғандырып жүргені анық. Біздің балаларымыздың білім сапасы көбінесе мұғалімнің деңгейіне байланысты екені белгілі. Мұғалімдер балаларға қамқорлық жасаса, біз мұғалімдерге қамқорлық жасаймыз.

Білім мазмұнын жаңарту, әлемдік тәжірибе мен технологияларды енгізу жағдайында педагог кадрлардың біліктілік деңгейін үнемі қайта даярлап, арттырып отыруды қажет етеді.
«Өрлеу» ұлттық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесінің моделін әзірледі, оның негізінде Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін білім берудің жаңа философиясы мен қазіргі заманғы инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану әдістемесі алынған.
Ақмола облыстық филиалы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жыл сайын білім берудің барлық деңгейлерінде 2,5 мыңнан астам педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылады, бүгінгі күні бұл: жаңартылған білім беру мазмұнына көшу, өлкетану, инклюзивті білім беру курстарын енгізу.
Сонымен, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік тапсырыс негізінде біздің институтта Ақмола облысы бойынша 2019 жылға жоспарланған 2828 мұғалімнің 2208 мұғалімі оқытылды. Оның 85 проценті орта білім мазмұнын жаңарту аясында қамтылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің өтініші бойынша, өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде, біз барлық: мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары деңгейдегі 720 мұғалімді қайта даярлаудан өткіздік. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушыларына арналған білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу және критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша курстар мен оқу семинарлары өткізілді.
Біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, құзыреттілік пен әрекетке негізделген оқыту тәсілдерін, бағалаудың жаңа моделін және сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Курстар тек институт негізінде ғана емес, сонымен қатар аудандарға шығу жолдарымен де өткізіледі.
Ағымдағы жылы шалғай аудандардағы (Целиноград, Астрахан, Шортанды, Жақсы, Атбасар) мектептердің базасында 379 адам қамтылған 14 курс өткізілді.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсартылуына және білім беру саласының жаппай цифрландыруға көшуіне байланысты біз өз жұмыс өнімділігімізден ауытқымай курстық іс-шаралардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл облыс орталығына ұзақ сапарға шығуы бірнеше себептер бойынша (үй шаруашылығы, ауыстыратын басқа мұғалімнің болмауы және т.б.) қиындық туғызатын ауыл мұғалімдерінің мәселесін шешуге көмектеседі.
«Өрлеу» ұлттық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы «Blended learning» Ұлттық білім беру порталы негізінде күндізгі және қашықтықтан оқытуды біріктіретін аралас оқыту жүйесін жасады. 2017 жылдан бастап осы порталды қолдану тәжірибесі бізге 200 әдіскер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін жұмыс орнынан қол үздірмей қашықтықтан қайта дайындауға мүмкіндік берді. Цифрландыру – мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттарының бірі ретінде жаңа тәсілдер мен тұжырымдамалық шешімдерді талап етеді.
Қазіргі заманғы мектептер: робототехника, дизайн, бағдарламалау, модельдеу, 3D-дизайн және тағы басқа жаңа бағыттарда оқытуды қажет етеді. Сонымен бірге, қазіргі кездегі әлемдік білім берудің негізгі бағыттарының бірі – төрт академиялық бағытты (ғылым, технология, инженерия, математиканы) біріктіретін STEAM білім беру бағыты. Осы міндеттерді орындау үшін арнайы білімі, дағдылары мен құзыреттіліктері бар педагогтар қажет. Бұл бағытта біздің институт қыруар жұмыс атқарып келеді. Біріншіден, осы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен тақырыптар бойынша мұғалімдерге арналған біліктілігін арттыру курстарының оқу жоспарлары жасалды. Екіншіден, робототехника, 3D басып шығару және STEM – CLIL технологиясы бойынша сертификатталған оқытушылар мен тренерлер дайындалды. Үшіншіден, бұл курстарды өткізу үшін арнайы оқу жабдықтары, мысалы роботтар, 3D принтер, визуализация құралдары және басқа да заттар сатып алынды.
Ақмола облысы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты мұғалімдердің демалысы мен сауықтыруын, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді ұйымдастырумен бірге, біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отыр.
Биология, бастауыш сынып, ағылшын тілі және математика мұғалімдері үшін жаңартылған білім мазмұны бойынша, Нұр-Сұлтан қаласына жақын орналасқан Целиноград ауданының: Қосшы, Қараөткел, Ақмол ауылы мектептерінде іс-сапарлық курстары ұйымдастырылды. Филиал оқытушыларының ұйымдастыруымен тыңдаушылар Елорданың мәдени орындары мен көрнекті жерлерін, «Астана Опера» опера және балет театрын, «АЛЖИР» мұражайы мен мемориалды кешенін (Ақмол ауылында) аралады.
«Өлкетану» тақырыбындағы қысқа мерзімді курс Шортанды-Бурабай курорттық аймағындағы Визит – Орталығы, Абылай хан алаңындағы көрме кешен және «Жайлау» этноауылы сияқты әлеуметтік-мәдени нысандарға бару жоспарымен сәйкестендірілуі тыңдаушыларға ұмытылмас демалыс пен бірге халықтың өзіндік тұрмыстық мәдениетін зерттеп, оларды бірегей тарихи шындықты зерделеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша біздің институтта қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша байыпты жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетекші және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институты Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен бірге біліктілікті арттыру курстарын өткізуге тренерлер даярлады.
«Өрлеу» ПКБҰО АҚ қызметкерлерімен педагогтарды латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшуге байланысты оқыту бағдарламасын дайындады, біліктілігін арттыру курстары үшін электронды мазмұн мен сандық электрондық ресурстар дайындады, осы курстардың негізгі мәселелері бойынша нұсқаулықтар жасады. Біздің институт латын графикасы негізінде қазақ тілін оқытуға арналған кабинетті дайындады, оның ашылуы 2019 жылдың 3 мамырында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Латынның ұлы күші – қазақ тілінің жаңа белесі» конференциясы аясында өтті.
Қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша алғашқы курстар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін 2019 жылдың қыркүйегінде басталады.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі – бұл қоғамның ғана емес, әр адамның сұраныстарына ұтқыр жауап беретін үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінің ең ұтымды бөлігі. Сондықтан біздің ұйым өз қызметін ұйымдастырған кезде ең алдымен педагогтардың қажеттіліктеріне сүйенеді.
Әлия ИМАНОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар